Мәдениет

Көптен күткен ерекше клуб

Елордада UFC жұлдызы, жастардың сүйікті спортшысы Хабиб Нурмагомедовтің қатысуымен көптен күткен спорт клубы ашылды. 

[smartslider3 slider=3799]

Қала әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы елорданың Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен бірлесе ашқан «Profit» аула клубы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға арналған.

– Бұл спорт клубын 2019 жылы «Агрогородок» ауданында ашу туралы ­ұсыныстар айтылған еді. Міне, бүгін клубты ашуға әлемдік деңгейдегі спортшы Хабиб Нурмагомедовтің қатысуы бәріміз үшін үлкен тарихи сәт болды, – дейді «Астана Жастары» ЖРО жетекшісі Шыңғыс Тілеулин.

Әлеуметтік кәсіпкер Альмира Борамбаеваның айтуынша, клуб мектептермен бірге жұмыс істеп, педагогтармен байланысты болады. Мұнда көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар және жетімдер мен асыраушысы жоқ балалар тегін жаттығатын болады.

– Әлеуметтік педагогтар тізімінде тұрған балаларды клубқа шақырамыз. Клубтар әлеуметтік маңызды аудандарда орналасқан. Қазіргі балалар ерекше пір тұтатын спортшыны клубтың ашылуына шақырып, оған тұсаукесер рәсімін жасату арқылы жаңа жобаға елдің назарын көбірек аударуды көздедік. Бізді қолдап, келісімін берген атақты спортшыға алғыс білдіреміз, – дейді кәсіпкер.

«Profit» орталығының аталған филиалында 550 бала тіркелген. Ашылу салтанатына солардың ішінен 10 жастан жоғары 100-120 бала қатысты.

Баян АСЫЛБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button