Елорда тынысы
Корей труппасы Астанада өнер көрсетті
Кореяның ұлттық заманауи би ұжымы алғаш рет «Астана Операда» «Джунгли» хореографиялық туындысын сахналады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Тұмса табиғат тіршілігі арқылы адам өмірін философиялық тұрғыда көрсететін бірегей қойылым көпшілік көрерменге ерекше әсер сыйлады.
«Джунгли» хореографиялық туындысы ұлттық заманауи би компаниясының көркемдік жетекшісі Ким Сонён жасаған атипті қозғалыстарды зерттеуге негізделген. Өз ісінің мамандарынан құралған шығармашылық ұжымның 17 әртісі жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Корея ұлттық заманауи би компаниясының өнер мен табиғаттың үйлесімін туған бірегей қойылымы астаналық көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.