Мәдениет

Көрермен саны – 20 000

ЭКСПО аумағында «Amanat» партиясының ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған «Менің елім» атты мерекелік концертіне 20 мыңнан аса көрермен қатысты.

[smartslider3 slider=3173]

Астаналықтар мен қала қонақтарының алдында қазақ эстрадасының танымал орындау­шыларымен бірге жас әншілер де өнер көрсетті. Халық Роза Рымбаева, Ұлықпан Жолдасов, «Жігіттер» тобы, Айқын, Raim, Қуандық Рақым, AYREE, Аргоня, Мансұр және Қобыланды, «Алашұлы» тобы, Дана Кентай, Фарида Жолдасова, Зарина Омарова, Prince, Садраддин, 2RAR, AKHA-ның өнеріне қол соқты.

Роза Қуанышқызы елордалықтарды мерекемен құттықтап, өз тілегін жеткізді.

– Рәміздер мерекесі – бұл нағыз халықтық мереке. Себебі біздің рәміздеріміз – мемлекет­тігіміздің айғағы. Оның маңызын жас ұрпақ біліп өсуі керек. Мен де бүгінгі мерекеге әндеріммен үлесімді қосамын. Мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдығымен барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймын! – деді әнші.

 Зылиха Бауыржанқызы,

Л.Гумилев атындағы
ЕҰУ студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button