Ұлттық домбыра күні

Көрермен жүрегіне шуақ шашқан

Қазақстан Гиннесінің рекордтар кітабына енген Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның «Қорқыт» этно-ансамблі 28 маусым күні композитор Ермұрат Үсеновтің 70 жылдық мерейтойына арналған кеш өткізді.

[smartslider3 slider=3385]

«Қорқыт» этно-ансамблі және жеке орындаушылар 28 маусым күні Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті домбырашы, композитор және профессор Ермұрат Үсеновтің шығармашылығына арналған «Өмір дастан» концертін ұсынды. Музыка әуес­қойлары аты аңызға айналған автордың шығармаларын, оның ішінде «Қазақтың 1000 күйі» антологиясына енген күйлерін тыңдауға тамаша мүмкіндік алды. Концертке Ермұрат ­Үсеновтің өзі қатысты.

«Өмір дастан» концертінде Ермұрат Үсеновтің үздік шығармаларын Қазақстан Рес­публикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлмира Сарина, Арайлым Рақым және т.б. орындады. Көрермендер жеке орындаушыларды да, «Қорқыт» этно-ансамблінің әртістерін де ыстық ықыласпен қарсы алды. Ұжымда әрбір музыканттың бір емес, бірнеше аспапты меңгергенін атап өту керек. Осындай әмбебаптылық арқасында этно-ансамбль халық музыкасын кез келген құраммен орындай алады. Ал сахнадағы мультиаспапшылардың шеберлігін көрген көрермендер жылы лебіздерін білдірді. Концерт көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды.

«Қорқыттың» көркемдік жетекшісі, Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбектің айтуынша, «Ермұрат Үсеновтің шығармашылығы танымал, оның шығармалары халықтың сүйіспеншілігіне бөленген және ерекше әсер қалдырады. Концерт тыңдау­шылары арасында жастар да болды, Ермұрат Үсеновтің шығармалары жаңа буынға да ұнайды».

Ермұрат Үсенов – қазақстандық музыка өнеріндегі аты аңызға айналған көп қырлы тұлға. Оның шығармашылық қазынасынан әртүрлі көрнекті орындаушылар үлкен шабыт алады.

Тағыда

Пікір үстеу

Back to top button