Жаңалықтар

Көрермендерін қуантқан керуен

Қала күнін мерекелеу аясында «Астана Шаттық» шығармашылық автокеруенін өткізу игі дәстүрге айналды. Биыл ол қатарынан төртінші рет ұйым­дас­ты­рылып, тұрғын үй алаптарында тұрақ тапқан халықтың жан сарайын ашты.

Белгілі бір себеппен шаһардың орталық концерттік алаңдарына келе алмайтын жұрт үшін бұл тамаша тарту десек болады. Әсіресе, аяғынан әудем жер жүре алмайтын қарттар жыл сайын өздерінің сүйікті әнші-артистерін асыға күтеді. Оған жиналатын халықтың нөпірі де жылдан жылға молаюда. Мәселен, автокеруен өткізілген алғашқы жылы алаптар тұрғындарының 70 пайызы ғана жиналса, келесі жылдары бұл көрсеткіш 10-15 пайызға өсе түсті.

Кеше кезекті рет «Интернациональ­ный»,­ «Пригородный», «Зареч­ный» тұрғын үй алаптарына келген өнер­паз­дар­дың концертін тамаша­ла­ған­дар­дың қарасы да аз болмады. Бұл жолы олар Ділназ Ахмадиева, Әли Оқапов, «Орда» тобы секілді Қазақстан эстрада жұлдыздарының, жас әншілердің, би ұжымдарының қойған концертіне тәнті болды. Бағдарлама шеңберінде барлық жастағы адамдардың талғамына сай келетін шығармалар орындалды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button