ЖаңалықтарҚала тіршілігіСұхбат

Көркейтуге көп көңiл бөлiнедi

Бүгiн – бүкiлқалалық сенбiлiк. Қаламыздың тазалығы қай-қайсысымызға да қатысты. Дәстүрге айналған шара аясында жыл сайын сан мыңдаған тал көшеттерi отырғызылып, саябақтар мен қоғамдық орындар қоқыстан арылады. Бұл жолы да игi iстер легi жалғасын табады деп күтiлуде. Сенбiлiк алдында Астана әкiмдiгiне қарасты қала өмiрi тiршiлiгiн қамтамасыз ету және инфрақұрылымын дамыту бөлiмiнiң меңгерушiсi Абзал Кәкiмовтi әңгiмеге тартып, бiрер сауал қойған едiк.

– Абзал Бейсенұлы, қазiр елордамызда экологиялық айлық өтiп жатыр. Жұртшылықтың құлшынысы көңiл қуанта ма?
– Әлбетте, Астана –  таза қалпын сақтап қалу үшiн оған әрбiр тұрғын үлесiн қосуы керек. Бұл жөнiнде алдын ала хабарланды. Бүгiнгi сенбiлiкке атсалысушылар легi мол болады деп ойлаймын. Тазалық болған жерде, сұлулық та, салауаттылық та орнайды. Астанамыз өзге өңiрлерге үлгi болсын десек, әсем қаламыздың одан әрi көркейе түсуiне күш салуға тиiспiз.
– Әзiрлеген жоспарларыңызға сәйкес, дәл бүгiн қандай шаралар атқарылмақ?
– Сенбiлiк жұмыстарына елордалық 4000-нан аса мекеме мен кәсiпорыннан және қала халқынан 83 мыңдай адам қатысады деп күтiлуде. Сонымен қатар күнделiктi техникадан бөлек, әртүрлi 460-тай техника жұмылды­рылады. Сенбiлiк жұмыстарына қатысушылар491,4 гектараумақтай болатын саябақтарды, саяжай­ларды, қоғамдық орындарды күл-қоқыстан тазартады деген ойдамыз…
– «Бiр тал кессең, он тал ек» деген қағиданы ұстанған халықпыз…
– Иә, өмiрдiң бiр нәрi десе де артық емес талдарды. Әлгi қағиданы да назардан тыс қалдырмадық. Барлығы 116 000-ға жуық тал түптерiн әктемекпiз. Сондай-ақ, 2350 түп тал көшеттерi егiледi. Бұл айтылған шаруалар дәл бүгiнмен тоқталып қалмайтыны анық. Алдағы уақытта да жалғасын табады. Тiптi, жыл бойы елорда­мызды көрiктендiруге, көркейтуге көңiл бөлемiз, күш саламыз.
– Әңгiмеңiзге рахмет! Iске сәт!

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button