Мәдениет

Көрме жүлдесі – Австрияға саяхат

Көрме бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Аружан Саинның бастамасымен Қазақстан Республикасының БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында өткізілді. Көрмеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау білдірді.

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев конкурсқа қатысқан балаларға өз құттықтауын жолдап, олардың қозғаған барлық мәселесін шешуге үлес қосатынын жеткізді. Жақсы деп танылған сурет иелері «Жануарлар – менің достарым!» респуб­ликалық конкурсының жеңімпаздары атанды.
Байқаудың бас демеу­шісі «Еdu Stream» компаниясының атынан бас жүлде иегері мен төрт жастағы балалар тобының бірінші орын иегерлеріне Австрияға саяхат сертификаты берілді. Барлық жеңімпаздар «Технодом», «Настоящий Буратино» компанияларынан смартфон, самокат және басқа бағалы сыйлықтарға ие болды. Ішкі істер министрлігі конкурсқа қатысқан Жасмин Назар, Аделя Ахмед және Фатима Рызаеваға арнайы сыйлық – планшет табыс етті. Сонымен қатар қысқа бейне түсіретін «LIKEE» ғаламдық платформасынан эссе жазған балаларға да сыйлықтар берілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button