Елорда тынысы

Корпоративтік жауапкершілік мәселелері талқыланды

Астана қаласында ҚР Сыртқы істер министрлігінде балалардың құқықтары, волонтерлік қызмет және бизнестің адам құқықтарын сақтаудағы корпоративтік жауапкершілігі мәселелері талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

 ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші Алуа Надирқұлованың төрағалығымен «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органының (бұдан әрі – «АӨДА» ККО) кезекті отырысы өтті.

Отырыс шеңберінде БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің ұсынымдарын іске асыру мәселелері, Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі жастардың волонтерлік қызметінің рөлі, сондай-ақ бизнестің адам құқықтарын сақтау жөніндегі корпоративтік жауапкершілігін күшейту мәселелері талқыланды.

Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, мүдделі министрліктердің өкілдері, қазақстандық құқық қорғау ҮЕҰ, сондай-ақ БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері қатысты.

А.Надирқұлова өзінің сөзінде балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік саясат саласындағы БҰҰ ұсынымдарын жүзеге асыру бойынша Қазақстанның белсенді жұмысын таныстырды. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік салаға, әсіресе балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлгеніне назар аударылды.

Сондай-ақ өткен жылы ҚР Үкіметі балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алудан қорғау және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылдады.

Баяндамада еріктілік пен бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің маңыздылығы, соның ішінде БҰҰ-ның бизнес ортадағы адам құқықтары саласындағы нұсқаулықтарын іске асыру және осы саладағы Ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу аталып өтті.

Отырыс барысында ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің ұсынымдарын іске асыру бойынша негізгі шараларды ұсынды. Бастамалардың ішінде жетім балаларды қолдау үшін тәлімгерлік институтын енгізу, балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату және бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің мәртебесін бекіту аталып өтті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенованың сөзінде балалардың Қазақстандағы денсаулықты қорғау бойынша құқықтарын негізгі сақтаудың шаралары аталып өтті. Бұл бағыттағы жетістіктердің қатарында неонатальды және ұрық хирургиясының айтарлықтай дамуы, 3 жасқа дейінгі балаларға арналған 16 ерте араласу орталығын құру, сондай-ақ пренатальды скрининг және балаларға онкологиялық және гематологиялық көмек көрсету стандарттарын бекіту бар.

Талқылау барысында ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зулхаиров биыл қабылданған жаңа заң аясында кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар бойынша татуласу мүмкіндігі алынып тасталғанын, енді кәмелетке толмаған адамды зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылғанын айтты.

Отырыс барысында «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы Динара Есімованың баяндамасы тыңдалды, ол әлеуметтік қызметкерлерді даярлауды күшейтуді, инклюзия стандарттарын енгізуді және үстірт шешімдерді болдырмай, балаларды ұзақ мерзімді қолдауды күшейте отырып, балалардың маргинализациясы мен теңсіздігі проблемаларын жоюдың жаңа тәсілдерін әзірлеуді ұсынды.

Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюроның сарапшысы Эльвира Ватлина өз сөзінде балаларға нақты қаржы бөле отырып, ашық бюджет процесін құру және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын Париж қағидаттарына толық сәйкестендіру қажеттігін атап өтті.

Волонтерлік қызметтің рөлі туралы екінші мәселе шеңберінде республикалық студенттік омбудсмен Ұлан Наукен отырысқа қатысушыларды БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі студенттер арасындағы волонтерлік қозғалыстың маңызды рөлі туралы хабардар етті. Ол өткен уақыт ішінде еріктілер ерекше қажеттіліктері бар студенттерге көмектесуге және әртүрлі жобалар мен науқандар арқылы гендерлік теңдікті ілгерілетуге ерекше назар аударғанын атап өтті.

Адам құқықтарын сақтау бойынша бизнестің жауапкершілігін күшейту туралы үшінші мәселе аясында БҰҰ ДБ өкілі Гүлмира Түлесбаева БҰҰ-ның бизнес және адам құқықтары саласындағы басшылық қағидаттары негізінде адам құқықтары стандарттарын корпоративтік практикаға ілгерілету жөніндегі құралдарды әзірлеудің маңыздылығына назар аударды.

Жалпы, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау ашық және сындарлы өтті. Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері түйткілді мәселелерді талқылап, құқық қорғаушылар тартылған ведомстволар мен мемлекеттік органдардың жұмысын жүйелі түрде жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстар берді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button