Руханият

«Корсарды» тамашалады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Мәдениет және спорт министрлігі «МәдениЕл» атты мәдениет саласын танымал етудің жаңа жобасы аясында елорданың бюджет қызметкерлері «Астана Опера» театрында кезекті қойылымды тамашалады.

[smartslider3 slider=2249]

22-23 ақпанда «Астана Опера» сахнасында өткен теңіз қарақшылары тақырыбында Адольф Аданның шытырман оқиғалы «Корсар» балетін елорданың Білім, Жұмыспен қамту және әлеу­меттік қорғау басқармалары, Төтенше жағдай және Полиция депертаменті қызметкерлері көрді. Мариус Петипаның хореографиясымен бұл қойылымның редакциясын аталмыш театрдың балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресей Халық әртісі Алтынай Асылмұратова жасады. Онда ол Петр Гусевтің хореографиясын қолданды.

Әсия НҰРБЕКҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button