Экономика

КӨРШІ АҚЫСЫ ЕСЕЛЕНБЕК

52759

Қазақстан мен Ресей Қырғызстанның тоқыма-тігін өнімдерін импорттауға дайын. Бұл жөнінде «еліміз Қазақстанды одан әрі Ресейді 96%-ға тарта тоқыма-тігін өнімдерімен қамтып отыр» деп мәлімдеді журналистерге экономика министрі Темір Сариев.

Оның айтуынша, бәсекеге қабілетсіз болғандықтан Қырғызстан басқа елдерге тауарларын (киімдер) шығара алмайды.

«Бұл бұйымдарды біз Қытайда сата алмаймыз. Ал, Қазақстан мен Ресей оған дайын» деді ол. Министрдің ойынша, елдің ауыл шаруашылығы өндірісшілері үшін ең маңыздысы – тауарды өткізетін нарық көзі табылғандығы болып отыр.

«Біз үшінші бір елге бұршақтан басқа не бере алар едік? Қазақстан мен Ресейге біздің тауарлар танымал. Халықтың 60%-ы ауылдық жерде тұрып, диқаншылықпен айналысады. Дәйектер осындай. Мысалдарды деректерге сүйеніп айтып отырмыз. Міне, осындай жағдайлар Кедендік одаққа кіру туралы әңгіме айтқызып отыр» деді ол.

Тауар айналымы – 24,2 млрд доллар

Қазақстанның Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) аясындағы серіктес елдермен (Ресей және Беларусь) тауар айналымы соңғы төрт жылдың ішінде 24,2 млрд долларға дейін өсті деп хабарлайды Trend.

«Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібіне тартылған инвестициялар көлемінің ұлғаюы республиканың Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) бойынша серіктес елдермен тауар айналымына оң ықпал етуде. Айталық, Қазақстанның серіктес елдермен тауар айналымы 2009 жылдан 2013 жылға дейін 88,3 пайызға өсіп, 24,2 млрд долларға жетті» дейді ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық экономикалық интеграция департаментінің директоры Ернар Бакенов.

Оның айтуынша, соңғы жылдары Кеден одағы елдерінде экспорт көлемі 62,7 пайызға ұлғайғаны байқалып отыр. Кеден одағы елдерінде жалпы экспорт көлеміндегі өңделген тауарлардың үлесі 44,9 пайыздан 54,6 пайызға дейін өсті (2013 жылы 3,2 миллиард доллар).

Сонымен қатар дайын тауарларды жеткізу көлемі 1,2 миллиард долларға дейін, яғни екі есе артуы есебінен өңделген тауарлардың жалпы экспорт көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 10,3 пайызға өсті.

Роуминг құны арзандамақ

Еуразиялық экономикалық комиссия Беларусия, Ресей мен Қазақстанның Бірыңғай экономикалық кеңістігі аумағында роуминг құнын төмендету мәселесін қарастыратын болады, деп хабарлайды БЕЛТА.

Еуразиялық экономикалық комиссияның монополияға қарсы реттеу департаменті монополияға қарсы заңдардың сақталуын қадағалау бөлімі бастығының орынбасары Алеся Абраменконың айтуынша, Беларусия шекарасынан Ресей немесе Қазақстанға шыққандағы ұялы байланыс тарифтері негізсіз қымбат. «Нарықтың олигополистикалық құрылымы БЭК аясында байланыс операторларының бәсекелестікке қарсы әрекеттерін тудырып отыр, – деп атап өтті ол. – Соның салдарынан ұялы байланыс операторларының халықаралық қоңыраулары мен роуминг арқылы байланыс тарифтерінің айырмашылығы 2 мен 16,8 есені құрауда».

ЕЭК зерттеулерінің мәліметтері бойынша, Ресейге шыққанда Беларуссияға хабарласу үшін Life абонементі роуминг арқылы таңдап алған тарифіне қарай Br5520-ден Br39540-қа дейін шығындалады, ал МТС абонементі – Br9660-ден Br31812-ге дейін, Velcom – Br11760-тан Br30000-ға дейін. Ресей азаматтары Беларуссияға келіп хабарласса да осындай жағдай.

«Алайда, Бірыңғай экономикалық кеңістікте олай болмауы керек» дейді ЕЭК өкілі. Комиссияның пайымдауынша, мұндай жағдайға себеп болып отырған жайттардың бірі – БЭК елдерінің ұялы байланыс операторларына тариф орнату мәселесі жөніндегі заңнамаларының әрқилылығы. Мәселен, Ресейде ұялы байланыс операторлары тарфитерді өздігінен белгілесе, Беларусия мен Қазақстанда ол мемлекет арқылы реттеліп отырады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button