Sport

КӨШ БАСЫНА «ҚАЙРАТ» ШЫҚТЫ

c38ab7ff6e1973e7e5175c1619a238ab

Футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында жүлделер үшін шешуші ойындар өтуде.

Ұлттық біріншіліктің жүлделері үшін таласқа түсіп жатқан алтылықтың арасынан «Қайрат» бірінші рет көш басына шығып отыр. Алматылықтардың еншісінде 26 ойыннан кейін 30 ұпай бар. Ал турнир кестесінің екінші сатысына орналасқан «Астана» 24 ойыннан кейін 26 ұпайға иеленген. Еліміздің төрт дүркін чемпионы «Ақтөбе» әзірге үшінші орында келеді. Көш басындағы осы үштікті қуып жету үшін «Қайсар», «Шахтер» және «Ордабасы» командалары да барын салатыны анық.

Ал премьер-лигада қалу үшін жанталасып жатқан алтылықтың арасында «Тобыл» мен «Спартак» командаларының жағдайы мәз емес. Бұл командалар небәрі 14 ұпайдан жинақтаған. Сондай-ақ еліміздің бес дүркін чемпионы (!) «Ертіс» те (17 ұпай) қауіпті шекте тұр.

Чемпионаттың аяқталуына алты тур қалды, яғни, әр команда енді 5-6 ойыннан өткізеді. Демек, жүлде үшін де, жоғары топта қалу үшін де нағыз «жан алып, жан берісетін» ойындар алда деп ойлаймыз.

 Дайындаған:
Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button