Sport

Көш басынан көрінбеді

Астанада тұңғыш рет ерлер мен қыздар командалары арасында шахматтан өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Жаһанның кіл мықтылары бақтарын сынаған байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған, құрамында Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нахбаева мен Гүлмира Дәулетовадай ойыншылары бар қыздар командасы тоғызыншы кезеңде Үндістан, АҚШ, Армения, Венгрия мен Египет командаларынан басым түсіп, жалпы есепте бесінші орынға табан тіреді.
Жалпы, қыздар арасындағы тартыста Қытай командасы көш бастаса, Ресей екінші орынды, Грузия үшінші орынды, Украина төртінші орынды еншіледі. Ал үздік бестікті түйіндеген Қазақстан аздаған ұпай санда­рымен Үндістанды алтыншы орынға ығыстырды. АҚШ, Армения, Венгрия, Египет командалары соңғы орынға тұрақтады.
Ал команда сапында Ринат Жұмабаев, Әнуар Ісмағамбетов, Мұртас Қажғалеев, Денис Махнев, Петр Костенко өнер көрсеткен қазақ жігіттері чемпионатты Қытай шахматшыларымен қорытындылады.
Алайда алаң иелері жекелеген матч­тарда жақсы нәтиже көрсеткен­мен, Олимпиада чемпиондарына 1,5:2,5 есебімен жол беріп, сегізінші орынды місе тұтты.
Жалпы командалық есепте Ресей бірінші орынды қанжығаласа, екінші орынды Ұлыбритания, үшінші орынды Қытай, төртінші орынды Үндістан ерлері еншіледі. Үздік бес­тікті АҚШ түйіндесе, Швеция мен Египеттің алдын ораған Қазақстан Иран мен Әзербайжаннан кейінгі орынға жайғасты.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button