Жаңалықтар

Көшбасшы балалар байқауы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында елорда мектептерінің көшбасшы-оқушылары арасында байқау ұйымдастырылған болатын. Кеше «Бәйтерек» медиа орталығында өткен брифингте Астана қаласы Білім басқармасының бастығы Ә. Бимендина байқау финалистерін құттықтады.

Қаланың 48 білім мекемесінен байқауға қатысуға 50 оқушы тілек білдірген. Мектеп кезеңінде барынша көп балл жинаған бұл қатысушылар байқау шарты бойынша Қазақстанның тарихы мен мәдениетінен, географиясы мен биологиясынан 100 сұраққа, сондай-ақ жалпы ой-өрісті айқындайтын сауалдарға жауап берумен бірге «Адамда Отан жалғыз», «Көшбасшы – бұл…» және «Патриот деген кім?» деген тақырыптардың біріне эссе жазды.

«Астана дарыны» АҒТО МКК дирек­торы Майра Құрманбаеваның айтуынша, сараптау комиссиясы тест бойынша жоғары балл жинаған және өз жұмыстарында (эссе) дүниетанымдарын, мәдени, психологиялық ұстанымдарын таныта білген 20 оқушыны анықтады. Солардың арасында Бегмат Елбасы мен Полина Чаюк те бар. Олардың бірі еліміздің ертеңі ретінде өздеріне жүктелген үлкен жауапкершілікті сезінетіндігін жеткізсе,  байқаудың екінші финалисі 1 қыркүйек күнгі Қазақстан Президентімен болған кездесуге қатысқанын, сонда Елбасының «адам өмірде тек еңбегімен көп нәрсеге қол жеткізеді» дегенін, яғни кез келген адамның тек еңбекпен ғана еңселі екенін тебірене баяндады.
Байқаудың келесі кезеңі – қатысушыларды финалдық кезеңге дайындау. Ол қараша айының екінші онкүндігінде өтеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button