Жаңалықтар

Көшбасшы Тәуелсіз Қазақстандағы Президенттік институт

Конституциялық кеңестің төрағасы И.Рогов­тың пікірінше, «Қазақ­стан­дағы президенттік институт мемле­кеттің ең маңызды қызметін инс­титут­тан­дырудың ерекше формасы болып табылады. Ол биліктің басқа тармақ­тарының үстінен қарайтын саяси-құқықтық қабат сияқты. Президенттік биліктің басқа билік тармақтарынан жоғары тұруы тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз етеді, осы арқылы Мемлекет басшысы Конституцияның, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының жоғарғы арбитры мен нышаны бола алады. Мұндай құрылым Қазақстан тарихының, қоғамдық-мемлекеттік қатынастардың, дәстүрлі қоғамдық сананың негізінде қалыптасқан». Қа­зақстандағы Президенттік инс­титутты жеке тұлғамен байланыс­тырудың (персонофикация) себебі де осыдан және ол Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасымен тікелей байланысты.

Отандық тарих беттерінде тарих­та із қалдырған талай адамдар есімі сақталған, бірақ Н.Назарбаев тұлға­сының орны бөлек. Оның қызметіне, атқарған еңбегіне баға беретін – біз, оның замандастары.
Мемлекет басшысының дәреже­сіне тек белгілі бір қоғамның өмірі мен дамуында өте жауапты рөл атқара алатын тұлға ғана шыға­рылатыны белгілі. Елдегі көп нәрсе Мемлекет басшысына байланысты. Алайда, бәрі емес. Олардың көбі тұлғаны ел басшылығына дейін көтер­ген қоғамның өзіне, қоғам­дық күш­терге тәуелді. Халық – бір­тек­ті және бірдей құрылған күш емес. Сайлау кезінде басшылыққа халықтың қандай топтары ие болды, адамдар азаматтық борышын қан­шалықты дәрежеде орындады? Міне, осындай жағдайларға бай­ланыс­ты елдің тағдыры да шешіледі. Бір сөзбен айтқанда, халық қандай болса, таңдаған тұлғасы да сондай болмақ.
Н. Назарбаевтың жоғары дарын­дылығын мойындай отырып, оның бо­йынан харизмалық көшбасшы қасиет­терін байқау, әрине, қиын емес.
Саяси жетекші ішкі және халық­аралық жағдайды, қоғамдық тәжіри­бені, ғылым мен мәдениет жетіс­тік­­­терін терең талдауға қабілетті, әлеуметтік болмыс­тың күрделі жағ­дайында ойдың қара­пайым­дылығы мен саралығын сақтап, белгіленген жоспарды, бағдар­ламаны орындауға шебер болуы керек.
Даму бағыты мен болашаққа же­ту­дің жолын айқындап берген ал­ғашқы стратегиялық құжат­тардың қата­рында жоба­сын Нұрсұлтан Назарбаев жасаған «Қазақ­станның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» (1992 жыл) және «Қоғамның идеялық нығаюы – Қазақстан дамуының шарты» (1993 жыл) атты құжаттары болды. Бұл құжаттар Қазақстанның ашық қоғам типті – демократиялық, бейбітшілік сүйер мемлекет ретінде дамуының концептуалды үлгісін алға тартты. Стратегияда «Қазақстан: а) күшті президенттік республика болып табылады, ол адамның құқықтары мен бостандықтарына, тұрақты аза­мат­тық бейбітшілік пен ұлтаралық тату­лықты қамтамасыз ететін саяси және идеологиялық плюрализмге, сенімді қорғаныс пен қауіпсіздікке, құқықтық теңдікке кепілдік береді; ә) әралуан меншік түрлері мен әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпкерлікке, шетел инвесторларының қатысуымен таза бәсекелестікке негізделген дамыған нарықтық экономикаға сүйенеді; б) нақты айқындалған әлеуметтік бағыты бар, барлықтарына өз қабілеттері мен материалдық салауатын жүзеге асыру үшін тең мүмкіндіктер мен жағдайлар қамтамасыз етілген, әр халықтың ұлт­тық бірегейлігін сақтап, дамытады, тұрақты дамудың негізі ретінде ұлт­тық келісім (консенсус) саясатын жүзеге асырады» деп көрсетілген. Стратегия Қазақстан халқының өзін-өзі билеу процесінің негізін қалаған республиканың алғашқы ресми құжат­тарының бірі болды.
Президенттік билігі бар еге­менді мемлекетті дамыту елдің страте­гиялық мақсатының өзегі болды. Жас респуб­лика үшін мемлекеттіліктің нақты контурларын белгілеп алу қажет болды. Дағдарыстың одан әрі тереңдей түсу мүмкіндігін ескере отырып, пре­зиденттік билік бірінші кезекте кезек күттірмейтін проблемаларды ше­шуге және қысқа мерзім ішінде аса ма­ңызды реформаларды жүргізуге баса назар аударды.
Өткен уақыттың қоғамдық-саяси жағдайларын талдау нәтижесінде елді дағдарыстан шығарып, оған тұрақты даму параметрлерін қамтамасыз ете алатын күшті билікке деген қажеттіліктің болғанын байқауға болады (1991-1993 жж.). Бұл қоғам мен мемлекеттің өмір сүру аяларының барлық жақтарын қамтыған терең дағдарыс кезеңі бол­ды. Дәстүрлі экономикалық бай­­ла­ныстардың үзілуі, жоспарлы эко­но­­миканың тоқырауы, кеңестік эко­номикалық құрылымындағы сәйкес­сіздіктер халықтың өмір сүру дең­гейінің күрт төмендеуіне, әлеумет­тік шиеленістің өсуіне алып келді. Жаңа саяси-экономикалық қаты­нас­тарға өту кезеңінде сол кездің саяси жүйесі әлсіздік танытты. Сол себепті де ол мемлекеттік басқарудың өтпелі формасы ретінде тоталитарлық қоғамнан либералды-демократиялық қоғамға өту кезіндегі қоғам өзгерісінің ерекшеліктерін ғана сипаттай алды.
1995 жылы 11 наурызда Президент демократиялық принциптердегі ұста­нымын бекіту үшін Конститу­циялық соттың шешімін қолдай отырып, «Конституциялық сот қаулысынан туындайтын шаралар туралы» жар­лыққа қол қойды. 1995 жылы Конс­ти­туцияның қабылдану барысында президенттік басқару формасын заң­намалық рәсімдеуді атап өтуге болады, ал 1993 жылы Жоғарғы Кеңес өзін-өзі таратқаннан кейін және Президентке заңнамалық құқықты табыстағаннан кейін ол саяси нақтылыққа айналды. Осы кезде Президент Парламенттен, ал соттық корпус және соттық билік жеке тағайындау жүйесінен соң, өзінің еркіндігін білдіруге мүмкіндік алды. 1993 жылғы Конституция бойынша жоғары атқару билігін бақылау құқығы бар Конституциялық сот 1995 жылғы негізгі заңға сәйкес консуль­тативтік-кеңес беру құқығына ие Конституциялық кеңес болып қайта құрылды. 1998 жылы негізгі заңға түзе­тулер енгізу арқылы прези­денттің айрықша құзыреттілігін кеңейту 7 жылға ұзартылды. Мұны прези­дент­тік биліктің нәтижесін көрсетудің ұлттық моделі және Президенттің тоқ­са­ныншы жылдардағы дағда­рыс­тан елді алып шығуынан деп қоры­тындылауға болады.
Демократиялық идеалды ұстану конституциялық реформалар барысында біліне бастады, нақтырақ айтқанда, 2007 жылдың 21 мамырында мемлекет өмірі үшін маңызды «Қазақстан Республикасының Конс­титуциясына өзгерістер мен қосым­шалар енгізу туралы» Қазақстан Рес­публикасының Заңы қабылданды. Мұнда мемлекет құрылысының қазақ­стандық моделінің параметрі сақ­талды. Модель шеңберінде конс­ти­ту­циялық реформаның енгізілуі мен айтулы қатынас жүйесінің модернизация­сы қарастырылды. Азаматтық қоғам инс­титут­тарының жан-жақты даму ба­ғытының арқасында мемлекет пен қоғамды үн­дестіру, мемлекеттік және қоғам­дық институттардың белсенді әрекет­тестігінде конституциялық шектеу­лерді алып тастау, жергілікті өзін-өзі басқаруды жаңғырту, бүгінде еліміздің қажеттіліктеріне және ішкі жағдайларға толықтай жауап беру жүзеге асырылды. Конституциялық деңгей сот-құқықтық реформалардың жаңа кезеңіне күш беріп, сот төрелігіне жөнелтіліп, сот тәуелсіздігін бекітуге бағытталды.
Жүргізілген реформалар мемле­кеттік және қоғамдық институттарды демократияландыруға күш салды. Конс­титуциялық түзетулер негізінен рес­публика дамуының болашағы үшін ұзақ жылдар талқылауға тартылған мемлекеттік билік тармағының барлық өкілдері, осы комиссия аясында көп жұмыс істеген саяси партия және қоғамдық қайраткерлердің еңбегінің нәтижесі еді.
2011 жылдан бастап Президенттің өкілеттілік мерзімі 7 жылдан 5 жылға қысқартылды. Президенттің құзырет ету кезеңінде саяси партия құрамында қызмет ету құқығын шектейтін норма жойылды. Парламент депутаттарының бірауызды шешімімен Қазақстан Рес­­публикасының Президенті және жалпыұлттық көшбасшы Н. Назарбаевқа заңнамалық екі рет сайлауға түсу мерзімінен тыс, жанама негізде сайлауға түсуге қосымша құқық пен мүмкіндік берілді. Президент өкілеттілігінің Парламентпен, Үкіметпен, Жоғарғы Сотпен, Орталық сайлау комиссиясымен, Ұлттық банкпен және әкімдер – жергілікті атқару органдарымен қатынасы айқындалды.
Президент заңнамалық бастамаларды үлестіру және жекелей Мәжілісті тарату құқығына ие болды, бірақ бүкіл Парламентті емес.
Үкіметтің енгізілген жауапкершілігі Президенттің алдында ғана емес, бар­лық Парламенттің, ақиқатында пре­­зи­денттік басқарудан президенттік-пар­ламенттік басқаруға өтуде айтыл­ған. Бұл – мемлекеттің құқықтық, демо­кра­тиялық құрылысын күшейту. Қол­да­ныстағы Конституцияның 40-бабына сәйкес, ҚР Президенті Мем­лекет бас­шысы ретінде ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыт­та­рында оның жоғарғы тұлғалық қызметін көрсетеді. Президент – мем­­лекеттік билік пен халық бірлі­гінің, Конституцияның тұрақ­ты­лығының, адам құқықтары мен бос­тандықтарының кепілі. Ол барлық мемлекеттік билік тармақ­тарының келісіп жұмыс істеуін және олардың
халық алдындағы жауап­кершілігін қамтамасыз етеді. Сон­дықтан, тікелей Елбасының өзі мемлекеттік аппарат­тың мақсатты жұмыс жасауын және адам­дардың құқықтарын қамтамасыз ету, мем­лекеттілікті нығайту және сақтау үшін конституциялық жа­уап­кершілікті міндеттейді. Сон­дықтан, әрбіріміз мемлекет өміріне қа­тыстылығымызды және жауап­кер­шілігімізді сезінуіміз керек.

Шынар Тауқыбаева,
тарих ғылымдарының кандидаты
Жабай Қалиев,
педагогика ғылымдарының
кандидаты

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button