Жаңалықтар

Көше атаулары ұсынылды

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық кеңесінің отырысында елордадағы аллеяға «Қаламгерлер» атауын беру, «Арай» саябағын «Жетісу» саябағы деп қайта атау, қала көшелеріне Райымбек батырдың, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің, әл-Фарабидің, Анатолий Храпатыйдың аттарын беру ұсынылды. Қаланың ономастикалық комиссиясының бұл шешімін Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев жария­лады. Кеңес мүшелері бұл шешімді бірауыздан мақұлдады.

Бір ескеретін нәрсе, Райымбек батырдың көшесі елордада бұрын бол­ған екен. Бірақ Тәуелсіз­дік даңғылына қосылып кеткен. Қоғамдық кеңес және қаланың Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов келесі жылы Ұлы Жеңістің 75 жылдығы атап өтілетінін айтып, ақсақалдар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері елордада Талғат Бигелдиновке ескерткіш қою мәселесін көтеріп жатқанын жеткізді. Таяуда бұл мәселе Ардагерлер кеңесі президиумының отырысында талқыланып, қолдау тапса, әкімдікке хат жөнелтілмек. Осы орайда қоғамдық кеңес мүшесі Марат Мұстафин Жұмабек Тәшеновке де ескерткіш қоя­тын уақыт жеткенін айтты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button