Басты ақпаратЖаңалықтар

КӨШЕ МЕЙРАМЫ – КӨПКЕ ҮЛГІ

Бүгін елорда жұртшылығы асық ату, домбыра-party, алаңдағы караоке сынды ойын-сауыққа белсене қатысып, шат-шадыман әсерге бөленді. Бұл іс-шаралардың барлығы Астана қаласы әкімдігі мен Тілдерді дамыту басқармасының тікелей мұрындық болуымен ұйымдастырылған «Көше мейрамы-2016» мерекелік бағдарламасы аясында өтті.

KBB_6618

– Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Астана күніне арналған бүгінгі думан жаңа форматқа ие. Біз бұрнағы жылдары осы іс-шараның шеңберінде тек Абай көшесін не Тәуелсіздік даңғылын ғана насихаттайтынбыз. Яғни, адамдарға әлгі көше туралы мәліметтер беріп, брошюралар тараттық. Ал биылғы бағдарламаға сол жағалаудағы орталық көшелердің түгелін кіргіздік. Мәселен, кез келген елордалық Сауран, Сығанақ немесе Сарайшық көшелерінің тарихын білмеуі мүмкін. Сондықтан мұндай ақпараттарды брошюра етіп құрастырып, көпшілікке үлестірдік. Жиын барысында көше атауларына қатысты танымдық ойындар, кітап және сурет көрмелері, балалар сайыстары болады, – деді Тілдерді дамыту басқармасының ономастика бөлімі басшысы Ержан Еңсебаев.

ERM_6692

Дүбірлі тойға жиналған қауымның бір бөлігі асық атудың бір бөлігі домбыра-party жарысының, енді бір бөлігі караокенің қызығына түсіп кеткен. Солардың бірі астаналық Азат Сейдалиев «Көше мейрамының» берер үлгісі жайлы айтты.

– Негізі халықты осындай нәрселер жақындастырады ғой. Бала кезімізді еске алып, қазір мына асық ату ойынына белсене қатысып жатырмыз. Замандастарымызбен арқа-жарқа араласып, сергіп қалдық. Мұның өзі үлкен ғанибет емес пе?! – деп ағынан жарылды ол.

ERM_6710

Расында бульварда бас қосқан жастың да, кәрінің де жүзінен алаңсыз қуаныштың табын байқадық. Есті ән мен мағыналы ойын-сауыққа құмары қанған жұртшылық үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button