Жаңалықтар

Көше жарық, жол тегіс

Көктем шыға елорда әкімшілігі жол жөндеу жұмыстарына белсене кірісті. Биыл қала бойынша 150 көшені жөндеу жұмыстары жоспарланған. Айта кетейік, бұл жолдар бірнеше критерийлер бойынша таңдалды.Бірінші, бұрын асфальт болмаған жолдар есепке алынды. Мұндай жолдардың көбі елді мекендерде орналасқан, жоспарланған 150 көшенің 100-і осыларға тиесілі. Екінші, жаңа автобус бағыттарын іске қосатын көше мен қозғалысы жоғары көшелер қамтылған. Үшінші, тұрғындармен кездесу барысында адамдар әлеуметтік нысандарға апаратын көшелерді асфальттауды сұраған. Осы жолдар тізімге ілінді.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов кеше «Көктал» және «Агроқалашық» елді мекендеріндегі бірқатар көшелердің жол құрылысы жұмыс­тарын барып көрді.
Жалпы, осы екі елді мекендегі 33 көше жөнделеді. Кездесу барысында тұрғындар қала басшысына жарықтандыру, жылыту, кәріз мәселелері бойынша бірқатар мәселелерді көтерді. Елорда әкімі кейбір мәселелер бойынша шешімді сол жерде қабылдап, қалғандарын жоспарға бекітуді тапсырды.
Сондай-ақ қала әкімі өз сөзінде өнеркәсіптік сектор мен елді мекендерді газдандыру 3 кезеңде өтетіндігін айтты. Биылғы жылыту маусымында «көгілдір отынға» бірқатар елді мекен қосылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button