Мәдениет

КӨШЕГЕ КӨРІК БЕРЕТІН STREET DANCE

Елорда тойына орай 5-6 шілде күндері қала әкім­дігі­нің алдындағы Орта­лық алаңда әлемнің үздік бишілері жиналады. Өнерпаздар жеті жыл қатары­­нан өткізіліп жүрген «International Street Dance Session in Astana 2016» атты халықаралық би фестивалінде сайысқа түспекші.

көше21

Дәстүрлі шараның ұйымдастыру­шысы – Астана қаласының әкімдігі мен «United 4» продюсерлік орта­лығы. Конкурсанттар хип-хоп, поппинг, дэнсхол, вакинг, крамп және хаус секілді әртүрлі стильде өнер көрсетпекші. Әр жанр бойынша қатысқандардың профессионалдық деңгейіне қарай жеке-жеке аталымдар да қарастырылған.
Бишілердің өнеріне әлемге танымал хореографтар төрелік етпек. Атап айтқанда, француз хип-хоп және хаус-бишісі Yugson, америкалық хореограф Adé Willis, төрткүл дүниеге танымал корей поппинг-орындаушы Dokyun, вакинг стиліндегі жұлдыздардың бірі – тайваньдық Chrissy Chou, көптеген дэнсхол жарыстарының жеңімпазы – НОРА, сондай-ақ, Қазақстан мен ТМД бойынша үздік саналатын крампердің бірі – LIL STAGEKILLA.
Көше билерінің жаңа бағыттарын паш еткен дүбірлі доданың қонақтары да осал емес. Мәселен, 2010 жылдан бері сайысты тамашалауға «Шаг вперед» фильмінде ойнаған, «Танцы» және «Звезда танцпола» теледуманына қатысқан, сондай-ақ, Майкл Джексон, Бейонсе, Ашер, Джастин Тимберлейк, Джастин Бибер сынды жұлдыздармен бірге қызметтес болған хореографтар келген еді.
Биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры 2,5 миллион теңгеден асады. Ал бас бәйгеге 1 миллион теңге тігіледі.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button