Жаңалықтар

Көшелер жарықтандырылып жатыр

Сарыарқа ауданында 2021 жылы 100 көшені жарықтандыру, соның ішінде кейбір желілерді әкімдік аппаратының балансына алу мақсаты қойылды. Бұл жұмыс жарықты үзбей беру және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды.

[smartslider3 slider=408]

Қаланың жауапты басқармаларымен бірге желілерді балансқа алудың «Жол картасы» әзірленді. Осы жылдың басынан бері 72 көше мен тұйық көше коммуналдық меншікке алынды. Сонымен қатар сыртқы жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, 26 көшеде қосымша бағандар мен жарықдиодты шамдар орнатылды. Бұл көшелер бұрын жарықтандырылмаған еді. Осылайша биыл осы уақытқа дейін 98 көше мен тұйық көше жарықтандырылды.
Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр. Жыл аяғына дейін тағы 10 көшені балансқа алып, 5 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button