ӘлеуметЖаңалықтар

Көшіп кеткендер көп

Ұлттық статистика бюросы көші-қон қызметі органдарының мәліметі бойынша соңғы
8 айда Қазақстанға 6339 көшіп келген. Ал 22685 адам көшіп кеткен.

[smartslider3 slider=308]

Осылайша көші-қонның айырымы -16346 адам болды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі 84,1% және 86,1% құрайды. Ал ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 7,3 пайызға артқан. Өңіраралық қоныс аудару бойынша көші-қонның оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды – Алматы (20235 адам), Нұр-Сұлтан (18390 адам), Шымкент (9276 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (346 адам).
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button