Мәдениет

Көшпелі көрме сапарға шықты

Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан ҚР Қарулы күштері мемлекеттік музейінің көшпелі көрмесі еліміздің солтүстік өңіріне жол тартты. Бұл жолғы бағыт – Көкшетау мен Петропавловск қалалары. Бұған дейін осы тектес шаралар еліміздің басқа да аймақтарында ұйымдастырылған болатын.

[smartslider3 slider=2545]

Көшпелі көрменің мақсаты – аталған өңірлерден майданға аттанып, өздерін Ұлы Отан соғысында өшпес даңққа бөлеген қазақстандық жауынгерлердің ерлігі туралы әңгімелеп, олардан қалған жәдігерлерді көпшілік назарына ұсыну. Мәселен, «Көкшетау» мәдениет сарайында Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің Мәскеу түбіндегі ерлігінің 80-жылдығына арналған «Ерлікке тағзым» атты көрме өтті. Онда Көкше жұрты батырдың өмірімен тереңірек танысып, өңіріне «Алтын жұлдыз» қадалған әскери кителі мен бас киімін, басқа да жеке заттарын тамашалауға мүмкіндік алды.

Петропавловск қаласы Н.Погодин атындағы облыстық драма театрында өткен көрмеге де көпшілік көп жиналды. Осындағы жоғары оқу орындарының, орта мектептердің ұстаздар қауымы, студенттері мен оқушылары аға ұрпақтың Отан соғысындағы жанқиярлық ерліктері туралы мол мағлұмат алып, сарбаздардың сағынышқа толы сарғайған хаттарымен танысты.

Өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында көшпелі көрменің мұндай сапарлары алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, Қазақстанның әртүрлі аймақтарын кеңінен қамтиды.

Әбубәкір СМАЙЫЛОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button