Қала тіршілігі

КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда болған азаматтар білім, денсаулық, жұмыспен қамту, баспана, зейнетақы секілді шешімін таппай келе жатқан әлеуметтік  мәселелерге көмек көрсетуін сұрады.

ERM_9770

«Азаматтардың партиямызға деген сенімі жылдан-жылға ұл­ғайып келе жатыр. Мұны қабыл­дауға келіп жатқан өтініш­терден-ақ байқауға болады. Тек осы жылдың үш айының өзінде ғана «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалына төрт жарым мыңнан астам адам өтінішпен келді. Бірі өміріне араша іздесе, бірі «бармаған жерім, ашпаған есігім қалмады, ешкім жұмысқа алғысы келмейді» деп мұң-мұқтаждарын айтып келіп жатады. Ең қуаныштысы, бұл арыз-шағымдардың басым бөлігі оң шешімін табуда. Бүгінгі көшпелі қабылдаудың өзіне жүзден астам келді. Оларға 24 түрлі мемлекеттік орган өкілдері білім, денсаулық, құ­қық қорғау сынды әлеуметтік мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқықтық кеңес берді» дейді «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еділ Мамытбеков.
Қабылдауда болғандардың бірі – Василий Громов есімді қария. «Қабылдауға коммуналдық мәселе бойынша кірген едім. Бірден партия өкілдері «Астана Су арнасының» мамандарына жолықтырды. Олар сол жерде отырып мәселемді әп-сәтте шешіп берді» дейді ол.
Әрине, қоғам болған соң халық арасында әлеуметтік мә­се­лелердің кездесіп қалуы – заңды құбылыс. Бірақ олардың барлығы әртүрлі себептермен шешімін таппай қалып жатады. Астананың мемлекеттік органдары қаланың әр шетінде орналасқандықтан оларға жетем дегенше кемі жарты күн өтеді. Көбінде ұзын-сонар кезек те болады. Осындай себептермен көптеген азаматтардың, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі қариялардың мәселелері шешімін таппай қалып жатады. Оның үстіне қарапайым адамдардың мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың басшыларына өтініштерін тікелей жеткізу мүмкіндігі бола бермейді. «Осы олқылықты шешу мақ­сатында азаматтарды кеңседе емес, аудандарға барып, тіптен, көшелерге шығып қабылдаулар өткізіп тұрамыз. Мемлекеттік мекемелердің бі­рінші, екінші басшылары да
осында. Келген азаматтарға про­куратурадан бастап жергілікті әкім­шілік мамандары кеңес беріп жатыр. Бұл – халық үшін өте пайдалы шара. Жиналған шағымдар бойынша үлкен мониторинг жасалады. Әкімшілікпен бірлесіп шара қолданылады. Көшпелі қоғамдық қабылдау алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын табады» деп атап өтті Астана қалалық мәслихатының депутаты Асхат Оралов.

Бүркіт НҰРАТАЙ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button