Мәдениет

Көшпенділер өмірін кескіндеген  

Елорданың Forte Kulanshi ArtSpace галереясында белгілі суретші-график Батухан Байменнің NOMAD. BLACK & WHITE («Номад. Қара мен ақ) атты көрмесі ашылды. Көрмеге қылқалам шеберінің 50-ге жуық туындысы қойылды.

[smartslider3 slider=127]

Бұл – суретшінің елордада осы жылы ұйымдастырылған екінші жеке көрмесі. Бұған дейін туындылары Ташкент, Бішкек, Кипр, Ыстанбұл және Берлин қалаларында көрсетілді. Ал биылғы бас қаламыздағы бірінші көрмесі көктемде өтті. Осы жолғы көрме графика, соның ішінде линогравюраға арналып отыр. Қылқалам шеберінің айтуынша, аталған өнер түрі елімізде даму жағынан кенже қалған. Екінші көрмесі графиканың осы түрінің мүмкіндіктерін көрсету және оны көпшілікке насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
«Бүгінгі көрмеге 2019-2020 жылдары салынған жаңа жұмыстарым қойылған. Шынын айту керек, көрмеге қойылған картиналардың мәні мен сырын келушілер бір қарағаннан түсіне қоймайды. Күні-түні сурет салумен айналысамын деп айта алмаймын. Маған идея кез келген уақытта келеді. Серуендеп жүргенде, ас ішіп отырғанда, кейбір идеяларды интернеттен қараймын. Ең бастысы – тың идея келгенде оны қағып алу, яғни тың идеядан көз жазып қалмау керек. Ол сағым секілді, дер кезінде ұстап қалмасаң, ол идея қайтып оралмайды» дейді суретші.
Елорда жұртшылығы аталған көрмені «Forte Kulanshi Artspace» галереясынан (Достық көшесі, 8/1) дүйсенбі-жұма күндері сағат 10:0018:00 аралығында 20 қарашаға дейін тегін тамашалай алады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button