Елорда тынысы

Косметикалық ота опындырмады

Cоттың үкімімен Астана қаласының тұрғыны медициналық қызметпен лицензиясыз айналысып, денсаулыққа зиян келтіргені үшін сотталды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Ол тиісті лицензия мен сертификатсыз, сақтау мерзімі өткен филлерді қолдану арқылы косметикалық процедура жүргізіп, нәтижесінде жәбірленушінің денесінде қабыну процесі орын алып, оған медициналық көмек қажет еткен.

Кінәліге 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, мәжбүрлі еңбекке тартылып, медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Сотталғаннан жәбірленушінің пайдасына 5,8 млн теңге материалдық және моральдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды медициналық процедураларды қабылдау үшін тек лицензиясы бар білікті мамандарға ғана жүгінудің маңыздылығы туралы ескертеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button