Президент пәрмені

КӨЗДЕГЕНІМІЗ – САПА КӨРСЕТКІШІ

Астана медицина университетінің ректоры,­ профессор Мәжит Шайдаров­ айтулы­ оқу орны студенттерімен Мемлекет­ басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы:­ қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси­ бағыты» атты Жолдауына­ арналған кездесу­ өткізді. 

Оқу орны басшысы өз сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында алдымен Қазақстандағы адам капи­талы­ның­ сапа жағынан өсуіне ерекше назар аударғанын атап өтті. Осы орайда, әсіресе, білім беру және ден­сау­лық сақтау саласына айрықша маңыз берілгенін жеткізді.

Кездесу барысында универ­си­тет­тің өткен жылдағы жұмыстары жөніндегі мәліметтер жарияланып, басшылық мен студенттер арасында еркін диалог орын алды. Бүгінгі таңда университет ұжымы болашақ мамандардың сапасын арттыруға көп көңіл бөледі. Бұл жерде сту­дент­тер­дің сабақ үлгерімінің және білім беру қызметіндегі сапа көрсет­кіш­те­рінің талдауы негізге алынады. Оқу орны бірінші курсқа қабыл­да­на­тын студенттердің санына екін­ші жыл мақсатты түрде шек­теу­ қойып отыр. Бірақ, бірінші курс­қа қабылданатын талапкерлер­ саны­на шектеу қойыл­ған­мен, сапа көрсеткішінің артқанын бай­қай­мыз. Мысалы, 2012 жылы қабыл­­дан­­ған талапкерлердің 18 пайыз­­дан астамы – «Алтын белгі» төсбел­­гі­­сі­­нің иегерлері, халық­ара­лық және республикалық олим­пиа­да­лар­дың жүл­де­герлері. Бұл рес­пуб­ли­­ка­­мыз­да­ғы барлық медициналық жоғары оқу орындарындағы көр­сет­кіш­терден 4 есе артық екенін айта кеткен жөн. Осындай ұста­ным­ның арқасында соңғы екі жыл­да­ «Фармация», «Жалпы меди­ци­на», «Қо­ғамдық денсаулық сақ­тау» ма­­­ман­­дық­­та­рын­да оқитын студент­тер­дің сабақ үлгерімдері жақсарды. Ал, академиялық қарыздарын өтей алма­ған­дығы үшін 211 студент оқу­дан шығарылды. Ақылы негізде оқитын студенттер сабақты жақсы оқыса, мемлекеттік грантқа ауыса алады. Мысалы, өткен жылы 65 сту­дент­ мем­ле­кеттік грантқа ауысты.

Осы есептік жылда уни­вер­си­тет­тің материалдық-техникалық база­сы айтарлықтай нығайды. Прак­ти­ка­лық машықтарды игеру сапасын­ жақсарту мақсатында 600-ден астам студент түрлі аймақтардағы ем­деу­­ мекемелерінде оқу-өндірістік прак­­ти­­кадан өтті. «Қоғамдық ден­сау­­лық сақтау» мамандығы бойын­­ша 3-курстың бес студенті ака­де­­мия­лық ұтқырлық аясында Ново­сібір мемлекеттік медицина­ уни­вер­сите­тінде (Ресей) бір семес­трлік оқуға барды, 172 студент­ Қазақ­стан­ның медициналық жоғары оқу орындарында жекелеген­ циклдерді оқыды.

«Астана медицина универ­си­теті» АҚ студенттері мен жас ғалым­дар­дың 55-і ғылыми-прак­ти­ка­­лық кон­фе­ренциясының қоры­тын­дысы бойынша 30 студент және жас ғалым марапатталды. Соны­мен қатар, кейбір студенттер Мәскеу, Санк-Петербург, Орал, Ақтөбе қалаларында өткен ғылыми кон­ферен­­ция­ларға қатысып, жүлделі орын­­дар­ды иеленді.

Оқу орнын бітірген түлектерге деген сұраныстың жоғары екендігі байқалады. Былтыр дәрігер-интерн­дер мен түлектерді жұмысқа орна­лас­тыру көрсеткіші 96 пайызды құрап, олардың 17 пайызы ауылдық жер­лер­дегі емдеу-профилактикалық меке­ме­лерге жұмысқа жіберілді. Оқытушы-профессорлық құрам да педагогикалық біліктілікті және шеберлікті шыңдауда талмай еңбек етуде. Білім және ғылым министрлігі өткізген байқау қорытындысы бо­йынша төрт оқытушы «Жылдың үздік ұстазы» атағына ие болды.

Біздің сегіз үздік студентіміз Президент Н. Назарбаев шәкірт­ақысының иегері. 2011-2012 оқу жылының қорытындысы бо­йынша сабақты жақсы оқып, ғылыми-қоғамдық жұмыс­тар­ға белсенді араласқаны үшін үш студент В.Г.Корпачев атын­дағы шәкіртақының иегері атанды. Сондай-ақ, студенттер оқу жылы бары­сын­да республикалық және халық­ара­лық деңгейдегі түрлі 70 қоғам­дық іс-шараға белсенді түрде қатысты.
Сондай-ақ, «Астана медицина университеті» АҚ Сапа менед­ж­менті Еуропалық қоры (EFQM) Кемелдік моделінің «Мойындалған кемелдік» деп аталатын екінші деңгейіне өтті және Қазақстан ЖОО арасында бірін­ші болып 4 жұлдыз алды.

Университет қызметінің маңызды бағыттарының бірі – жемқорлықтың алдын алу. Сессия алдында білім алу­шы­лар арасында жасырын түрде сауалнама жүргізіледі. www.amu.kz сайтындағы «Ректордың жеке пош­та­сы», сенім телефоны, ұсыныстар мен шағымдарға арналған жәшік тұрақты түрде жұмыс істейді.

Осылайша оқытушы-профес­сор­лар құрамының, студенттердің жемісті еңбегінің арқасында уни­вер­си­тетіміз еліміздегі медициналық ЖОО арасында екінші жыл қата­ры­нан­ бірінші орынды иеленді.

Маржан СЕРІКЖАНҚЫЗЫ,
«Астана медицина университеті» АҚ Web–өкілдік және қоғаммен байланыс
бөлімі маманы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button