Жаңалықтар

«Көзін емес, шел басқан көзқарасын…»

[smartslider3 slider=911]

Газеттің тағы бір маңызды ерекшелігі – ол ұлт тілін насихаттайтын ең маңызды құрал. Өкінерлігі, жұрттың көбі газеттің осы ерекшелігін ескере бермейді. Әсіресе Қазақстан сынды орыс тілі әлі де үстемдік құрып тұрған елде «газетті, соның ішінде қазақша газетті кім оқиды?» деудің өзі – ұлт мүддесін ескермегендік, ана тілімізді құрметтемегендік.

Ана тілді құрметтеу десе мына бір жағдай есіме түседі. Қытайда Шапшал сібе автономиялы ауданы деген аудан бар. 20 мыңға жетпейтін сібе ұлты қоныстанған сол ауданда сібе тілінде жалғыз газет шығады. Таралымы 4000 данадан асады. Аталған ауданда тұратын екі көзі көрмейтін су қараңғы сібе ақсақалы сол газетке үзбей жазылатын. Бірде әріптес­теріміздің бірі одан «ақсақал, өзіңіз газет оқи алмайсыз, неге оқымайтын газетке ақша шығындап жүрсіз?» деп сұрағаны бар. Сонда әлгі ақсақалдың «менің көзім көрмегенмен, құлағым сау ғой. Немерем оқып береді. Күнде газет оқығаннан кейін немерем де сібе тілін ұмытпайды. Сібе тілінде шығатын жалғыз газетке сібелер өзі жазылмаса, оған кім жазылады?! Мен бүгін газетке жазылған бес-он тиынды шығынсынғанмен, ертең ұрпағым ана тілін ұмытса, мен қанша ақша жұмсасам да орнына келтіре алмаймын ғой» деп жауап береді. Әлеуметтік желіде өз қандастарымыз «газетке кім жазылады?» деп кекетіп отырғанын көргенде осы зағип шалдың сөзі ойыма оралады да тұрады. Амал не, «ұғатұғын адам жоқ сөз бағасын, көзін емес, шел басқан көзқарасын» деп ақын Ұлықбек Есдәулет айтқандай, «газетті кім оқиды?» деп шалқаятын азаматтарда сібенің соқыр шалы құрлы ойлам жоқ болғаны да…

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button