Мәдениет

Күй атасына арналды

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның қазақ оркестрі «Күй атасы – Құрманғазы» атты кеш ұсынды.

 

Концертте ел, жер тағдыры туралы толғанысқа толы күйлерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов жетекшілік ететін оркестр және оркестрдің жеке күйшілері орындады. Атап айтқанда, Құрманғазының «Ақбай», «Серпер», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Алатау», «Көк ала ат» т.б. күйлері әуеледі.

Бұл шығармалардың кейбіріне тоқталсақ, «Балбырауын» – Құрманғазының асыл мұраларының бірі. Бұл күйді Оқап Қабиғожин орындаған. Күй от жалындай қызу мен дүрілдеген екпінге, делебеңді қоздыратын жігерге толы. «Балбырауын» күйін 1936 жылы композитор Евгений Брусиловкий «Ер Тарғын» операсының финалында қырық кісі билеген биге музыка етіп пайдаланды. Кейін өзінің «Сарыарқа» атты симфония-сюитасында «Скерцо» бөлімі етіп енгізді. Ал Серпер – қаншама иілтсе де, қаншама еңсесін басса да сынбайтын, мойымайтын, қайта серпіп, бұрынғы қалпына келе беретін, болаттай берік, халықтың қайыспас ерекше ерлігіне арналған шығарма.

Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Анар Мұздаханова, Мәдениет саласының үздігі Әсел Алина, республикалық байқаулардың лауреаттары Дарын Құдайберген, Мейірбек Әзімбаев қатысты. Дирижері – Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button