Елорда тынысы

Күн ала бұлтты, бірақ ыстық болады

Қазгидрометтің хабарлауынша, қаламызда бүгін күн алабұлтты, бірақ ыстық болады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Күндіз ауа температурасы 28-30 градусқа дейін жетіп, түнде 16-18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 4,5 м/с құрайды.

Ал Алматыда жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 31, түнде 21 градус болады, Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласында бүгін ашық және әдеттегідей аптап күтілуде. Күндіз термометр бағаны 38 градусты көрсетпек. түнде 22 градус. Желдің жылдамдығы 7,1 м/с деңгейінде болмақ.

Ал Қазақстан бойынша  алдағы үш күнде еліміздің көп бөлігіне циклон әсер етеді. Соның әсерінен жаңбыр, найзағай, қатты жел, бұршақ болмақ.

6-8 тамызда батыста және солтүстік-батыста, 7-8 тамызда солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Жалпы ел аумағында жел күшейеді.

Қазақстанның оңтүстігінде күндіз өте қатты ыстық, ауа температурасы +38 — +45 градус болады деп болжанды. Ал еліміздің қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Сурет: https://git.arrivo.ru/

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button