Мәдениет

Күй жәрмеңкесін қыздырды

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен бас қалада алғаш рет Дина Нұрпейісова ескерткішінің жанында күй жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараға мектеп оқушылары, студенттер, қоғам және өнер қайраткерлері қатысты.

[smartslider3 slider=3041]

Жиында 100-ге жуық адам Дина Нұрпейісова мен өзге де танымал ­күйші-композиторлардың туындыларын орындап, бар өнерін ортаға салды.

Халықтың қошеметіне бөленіп, күйді шебер тартқандар арнайы сый-сияпаттарды иеленді. Ал үздік өнерпазға үкілі домбыра мен Дина Нұрпейісованың 25 күйі жазылған жинақ тапсырылды.

– Бағдарлама бойынша Дина ­Нұрпейісованың бірнеше күйі орындалды. Басты мақсатымыз – жастарды халқымыздың төл өнеріне баулу, осы арқылы еліміздің патриот жастарын тәрбиелеу. Осындай күй жәрмеңкесін дәстүрлі түрде өткізіп тұруды қолға алдық. Ай сайын осы жерге халық жиналып, күй тыңдайтын болса, одан артық бізге қандай бақыт керек?! Келіп, көремін деген жандар өнерімізді тегін тамашалай алады. Ұлттық өнерді сү­йетін қауымға ниет-пейіліміз әрқашан ашық, – деді қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі, «Күй анасы» республикалық қорының жетекшісі Төлеген Қуанышев.

Іс-шара барысында қоғам және өнер қайраткерлері былтыр Ұлттық домбыра күні қарсаңында ашылған Дина Нұрпейісованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, айналасына 15 шырша ағашын отырғызды.

Баян Асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button