Мәдениет

Күйші – құрметті профессор

Қазақ ұлттық өнер университетінде «Арқаның дәстүрлі күйшілік өнері. Мұхаметжан Тілеухан шығармашылығы» атты алқалы мәжіліс өтті. Шара барысында күйші-композиторға Қазақ ұлттық өнер университетінің Құрметті профессоры атағы берілді.

[smartslider3 slider=437]

Мәжіліс тізгінін «Домбыра» кафедрасының профессоры Жанғали Жүзбай ұстады. Отырысты әйгілі әнші-ұстаз, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайрат Байбосынов ашып берді. Әнші, өнер зерттеуші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Серік Оспанов естеліктерді жаңғыртып, әннен шашу шашты.
Шара биыл мерейлі 75 жасқа келген Мұхаметжан Тілеуханның концертіне ұласты. Күйші-композитор Сайдалы Сары Тоқаның, Дайрабайдың, Әшімтайдың, Тәттімбеттің, Төлеген Момбековтің күйлерін, өзінің төл туындысы «Арман-ай» күйін шертті.
Шертпе күй шебері кеңес заманында ҚазКСР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері атағын алды. Тәуелсіздік кезеңінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды. 1972 жылы Алматыға Жамбыл Жабаевтың 125 жылдық тойына арнайы шақырылып, Тоқаның «Төрт толғау» күйін орындап, Сәбит Мұқанов, Әбділда Тәжібаев, Әди Шәріпов, Рақымжан Қошқарбаев, Рахманқұл Бердібай секілді әдебиетіміз бен мәдениетіміздің көрнекті тұлғаларының көңілінен шығып, ризалығына бөленеді.
Роза Бағланова, Нұрғиса Тілендиев өз кезінде күйші-композитордың өнеріне қол соқты. Кәкімбек Салықов, Жәнібек Кәрменов күйшіге өлеңдерін арнады. Жиында осындай естеліктер айтылды. Қобызшы Раушан Оразбаева, күйші Рымхан Әбілханұлы жылы лебіздерін жеткізді. Шараны «Домбыра» кафедрасының меңгерушісі Батырлан
Әбенов түйіндеді.
 
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button