ЖаңалықтарМәдениет

КҮЙЖИНАҚ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Астана әкімдігі «Қазақтың 1000 күйі» музыкалық жинағын басып шығарды.

Жинақтың жарық көруіне арналған баспасөз мәслихатында Астана қалалық Мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұлов атап көрсеткендей, партитура жинағы 500 данамен шығып отыр. Аталмыш дүние Қазақстанның колледждеріне, университеттеріне және өнер ұжымдарына таратылып қана қоймай, шетел оркестрлеріне де берілетін болады. Мәдениет басқармасы бастығының сөзіне қарағанда, келешекте осындай жинақтың тағы 9 томын шығару жоспарлануда.

Ертең Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында жинақтың таныстырылымы өтеді. Онда бір мезгілде 350 адам қазақтың күйлерін орындайтын болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button