Қала тіршілігі

КҮЛЛIӘЛЕМДIК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНI

Кез келген адам үшiн ең керегi – денсаулық. Сондықтан да сонау замандардан бабаларымыз оны бiрiншi байлыққа балаған. Өйткенi, ауру-сырқаудан аман болсаң ғана мағыналы өмiр сүрiп, үбiрлi-шүбiрлi ұрпақ өсiресiң, ел қатарлы еңбек етесiң.

Бiздiң елiмiзде бұл мәселеге ерекше мән берiледi. Халқымызды сауықтыру бағытын көздейтiн «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының қабылдануы осы ойымызды айғақтай түсерi анық. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында «Адам нау-қастанудың өзiне тиiмсiз екенiн түсiнуi керек» дегендi айрықша қадап айтты. Түсiнген жанға мұның бәрi «ауырып ем iздегенше, ауырмайтын жол iзде» деген даналық сөздiң өмiршеңдiгiн бiлдiредi. Денсаулыққа ден қойсақ, тiршiлiгiмiздiң мәндi де сәндi бола түсерi дау тудырмаса керек.
Бүгiн бүкiл дүниежүзiндегiдей Астана жұртшылығы да Денсаулық күнiн өз дәрежесiнде атап өтпек. Ендеше, сергектiктi серiк еткен елордалықтардың той төрiне айналғалы тұрған «Жастар» сарайының жанындағы ашық алаңға жиналғаны жөн. Мұнда сiз салауаттылық салтын дәрiптейтiн дәрiс-тер тыңдап, түрлi спорттық шараларға қатысып, көңiлiңiздi көк жайлауға қондырғандай әдемi әсерге бөленесiз.
Тәнiңiз де, жаныңыз да сау болсын, ағайын!

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button