Мәдениет

Күмісбеков шығармалары күмбірледі

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның қазақ оркестрі ХХV концерттік маусымының жабылуына орай Қаз КСР халық әртісі, Қаз КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, композитор, домбырашы, профессор Кенжебек Күмісбековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Дала сыры» концертін өткізді.

[smartslider3 slider=3055]

Кенжебек Күмісбеков айшықты шығармалар жазды. Оның көптеген туындылары қазақ халық аспаптар оркестріне арналған. Соның ішінде «Шалқыма», «Қорқыт туралы аңыз», «Фараби сазы», «Дала сыры» сынды шығармалары танымал. Композитор талантының бір қыры – қазақ халқының сан ғасырлық мұрасы – күйді, сондай-ақ әлемдік музыкалық классиканы қазақ халық аспаптары оркестріне бейімдеп өңдеуі. Композитордың шығармашылық мұрасында камералық-вокалдық, камералық-аспаптық және ірі симфониялық туындылар бар. Музыкатанушылар оның шығармалары ерекше әуезділігімен және философиялық құрамдастығымен ерекшеленетінін айтады.

«Дала сыры» концертінің бағдарламасына Кенжебек Күмісбековтің «Қорқыт туралы аңыз», «Арман», «Биші қайың», «Жар назы», «Дала сыры» және басқа да шығармалары енді. Қазақ оркестрі, Мәдениет қайраткері Әбдірасул Есекеев жетекшілік ететін «Шалқыма» халық би ансамблі және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жексембек Нұржауов, Ернар Мыңтаев, Естай Мұқашев, Светлана Айтбаева, Сүндет Байғожин, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Әйгерім Ораз, Талғат Аллаберинов, Перизат Тұрарова, Данияр Мұқан қатысты.

Қазақ оркестрінің бас дирижері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор Айтқали Жайымов. Дирижер – Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button