Экономика

Күн батареясын шығаратын зауыт ашылды

Индустриалдық-инновациялық ерекше жобалардың бірі Астанада да тұсауын кесті. Фотоэлектрлі модульдер шығаратын зауыттың ашылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. 

ТМД тұрмақ, Орта Азия кө­лемінде жоқ бұл зауыт – «Қаз­Атом­өнеркәсіп» Ұлттық ком­паниясының еншілес кәсіп­орны «Astana Solar» ЖШС-нікі.

Жобаны ерекше деуіміздің өзіндік себебі бар. Бүгінде әлем елдері көмір, мұнай, табиғи газ секілді бұрыннан пайдаланып келген энергия көздерінен гөрі күн, жел энергиясын пайдалануға көшті. Үнемділік жағынан да, экологиялық тазалық жағынан да пайдасы көп мұндай энергия көзін Қазақ елі де қолданысқа енгізіп, күн нұрынан қуат алатын батареялар өндіруді бастады.

Жаңа нысан техникалық қауіп­сіздік пен экологиялық та­лап­тар­дың барлығына сай келетін зама­науи автомат­тан­ды­рылған құры­лғылармен жаб­дықталған.

Жобаның жалпы құны – 5 мил­лиард теңге. Шикізаты – өзі­міз­ден. KazPV қазақстандық крем­ний. Ол Өскеменде тазар­ты­лады. Күн сәулелерін осы крем­ний бата­рея­ларына бағыт­таған кезде сәуле өзгеріп, электр энер­гиясына айналады. Күн бата­рея­­ла­ры­ның қасиеті де осында. Электр­лі панель­дің 1 ваты – 2 дол­лар тұрады. Яғни бір үйге шама­мен 3-4 мың АҚШ доллары (құны– модулдың ваттық қуа­тына байланысты) көлемінде күн тақтай­шасын сатып аласыз да 20 жылдан астам уақыт жарыққа ақша шығын­дамайсыз. Өйткені бұл электр тақтайшасының жа­рам­ды­лық мерзімі – 25 жыл. Арзан­қол дүние емес, сапасы мық­ты. Қазір Германия жел мен судың және осындай күннен қуат ала­тын фото­электрлі модульмен халқының 28 пайызын жарықпен қамтып отыр екен. «Біз, 2020 жылға дейін оны 3 пайызға жеткізсек те үлкен жетіс­тік. Бастысы, бұл панель шал­ғай ауылдарға, жарықты көп тұты­натын өндіріс орындарына, ауыл шаруа­шылығы салаларына пай­дасы мол», дейді зауыттың бас дирек­торының орынбасары Жарқын Жанғазиев.

Жобаның қауқарлығы сол, жылына 217 мың фотоэлектр модульдерін өндіруге жетеді. Мамандары да осал емес көрі­неді. Дені шет мемлекеттен біліктілігін жетілдіріп келген, тех­никаның тілін меңгерген жоғары білімді азаматтар. Зауыт жұмыс­шыларының айлығы 1 мың доллардан кем түспейді екен.

Зауыт мамандарымен әңгі­мелес­кен Елбасы: «Бұл – эко­логиялық таза энергияға ба­ғытталған ең озық кәсіпорын. Біз болашақты «жасыл» экономикамен байланыстырамыз. Сол себепті, 2017 жылы Астанада өтетін EXPO көрмесінің тақырыбы осылай аталады», – деп атап көрсетті.

Өндіріс орнының алғашқы өнімі де шығып үлгеріпті. Мемлекет басшысы осы тұңғыш фо­то­электрлі панельдің бетіне қолтаңбасын қалдырды.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button