ЖаңалықтарСаясат

Күн тәртібі нақтыланды

Кеше Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

[smartslider3 slider=395]

Бюро отырысында депутаттар қарауына Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы және оған ілеспе заң жобалары бірінші оқылымда ұсынылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы және Салық кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.
Күн тәртібінің жобасында жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасын бірінші оқылымда ілеспе түзетулерімен қарау қарастырылған. Сондай-ақ бірінші оқылымда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жануарларға жа­уапкершілікпен қарау мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы жоспарланған.
Сонымен қатар Мәжілістің бейінді комитеттері алдағы жалпы отырыста Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы заң жобасын және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексін негізге алады.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button