Жаңалықтар

КҮН ТӘРТІБІНДЕ — ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІ

Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметовтың төрағалығымен Астанадағы экологиялық ахуал мәселесі жөнінде кеңес отырысы өтті. Оған қалалық департаменттер мен басқармалар, бірқатар коммуналдық және табиғат пайдаланушы кәсіпорын басшылары қатысты. 

KBB_0693

Жиын барысында жаңартылатын энергия көздерін дамытудың, баламалы қуат көзімен жүретін көліктердің, сондай-ақ, жылу электр станциясын экологиялық таза отын – газға көшірудің өзектілігіне айрықша көңіл бөлінді. Сонымен бірге, елордадағы велосипед қозғалысын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Астана қаласы бойынша экология депар­таментінің басшысы Абзал Егембердиев өз баяндамасында экологиялық проблемалардың шешу жолдарына тоқталды. Оның айтуынша, атмосфералық ауаны көбіне қоқыс қалдықтары ластайды. Сондықтан қаламыздағы қайта өңдеу жұмыстарын күшейту керек. Көгалдандыру алаңдарын ұлғайтудың өзектілігі де назардан тыс қалмады.
Осы ретте Қосман Айтмұхаметов экологиялық таза, жасыл технологияларды ендірудің қажет­тілігіне аса мән берді. Кеңес қорытындысы бо­йынша, көтерілген мәселелерге сәйкес тиісті орган­­дарға бірқатар міндет, тапсырмалар жүктелді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button