Басты ақпаратЖаңалықтар

Күні-түні бір тынбай…

Астанада кеше жауған жауын-шашын мөлшері бір айдағы норманың жартысынан асып кетті.
Жауын салдарынан көшенің жекелеген учаскелерін су басты. Барлық қалалық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеу тәртібіне көшті деп хабарлайды astana.gov.kz.
Астана әкімі Әсет Исекешев көшелерді су басудың салдарын жою бойынша кеңес өткізіп, барлық күштерді жұмылдыруды тапсырды. Коммуналдық кәсіпорындардан басқа, жол тазарту жұмыстарына аудандық әкімдіктердің мердігерлік ұйымдары, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің техникалары жұмылдырылды.

KBB_6150

Астанада жарты тәулік бойы жауған жауын-шашын мөлшері 17 мм құрады. Қала бойынша 79 автокөлік жұмыс істеді. Ал түнде сағат екіден кейін жауын-шашынның күшеюіне байланысты қосымша техникалық құралдар іске қосылды. Атап айтқанда, 2 жылжымалы сорғы стансасы, 7 мотопомпа, 21 сорғы, 16 мамандандырылған автомашина. Таңғы сағат беске қарай жауын салдары жойылды. Толассыз жауған жаңбырдан кейін таңғы сағат 7-ден аса Б.Момышұлы, Тұран даңғылдарын, М-3 көпірін және тағы басқа жерлерді су басты. Қала аудандары бойынша 105 автомашина, 11 мотопомпа, 4 трактор тиісті жұмыстарға тартылды. Күндізгі екіге қарай жаңбырдың салдары толығымен жойылды. Синоптиктердің болжамынша, маусымның соңына дейін күн жаңбырлы болады. Шілде айының алғашқы он күні де жауын-шашынды болады деп күтілуде.
Айта кетейік, Астанада қалалық нөсерлі кәріз жүйесін дамыту бойынша кешенді шаралар қолданылып жатыр. Қазіргі кезде № 31 және № 27 тазарту құрылыстары іске қосылды, жыл соңына дейін су ағызатын коллектор пайдалануға беріледі. Сол жағалауды су астында қалу мәселесі жыл соңына дейін шешімін таппақ. Жалпы, қала бойынша тұрақты су бұру жүйелері екі жылдың ішінде қамтамасыз етілмек.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button