Жаңалықтар

Күні-түні қар күреп…

Қаламыздың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеуде. Қыс кіргелі қаладан 1,3 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл шамамен 98 мың жүк көлігінің жүгіне тең.

[smartslider3 slider=1685]

29 желтоқсанда елордада қар тазалау жұмысына мыңнан астам арнайы техника мен екі мыңға жуық жол жұмысшы жұмылдырылды. 28 желтоқсаннан 29 желтоқсанға қараған түні қаладан 7 мың текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін жүк көліктері қар полигондарына 572 рейс жасады. Қаланың коммуналдық қызметтері кешкі және түнгі уақытта күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істейді.

Ереже бойынша кептеліс болмауы үшін алдымен қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдың және т. б. қары күреледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button