Тәуелсіздікке 30 жыл

Күнтізбедегі айрықша мереке

Қазақ елінің күнтізбелеріндегі айрықша мерекелердің бірі – Тәуелсіздік күні. Қыстың бір жайлы кезеңі, халықтың көңіліне қуаныш сыйлайтын, жылдан жыл ауысатын күнге жақындайтын адамның көңілінде бір алаулы сезімдер болады.

[smartslider3 slider=1484]

Ал биылғы мереке тіптен ерекше болып отыр, өйткені егемен ел болғанымызға 30 жыл толды. Сондықтан осы мерейлі мерекемізбен жалпы Қазақстан халқын, Есілдің жағасында ен жайлап жатқан емен-жарқын жұрттың баршасын құттықтағым келеді. Ең бірінші, еліміз аман болсын, ел басқарған азаматтар аман болсын! Ұлтқа бақан болған, ұлтқа тірек болған азаматтардың ғұмыр жастары ұзақ болсын! Ұлтына, халқына еңбектерін жасай берсін! Біздің еліміздің көк байрағы мәңгілік көк аспанда желбіреп, берекесі артсын! Несібесі тасысын! Баршаңызды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын!

Дәулеткерей КӘПҰЛЫ,

ҚР Жазушылар Одағы

Нұр-Сұлтан қаласы

филиалының директоры

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button