Жаңалықтар

КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты – тірек-қимыл аппараты ау­руларын емдеудің жаңа тәсілдерін әзірлеп, трав­матизм және ортопедиялық аурулардың алдын алу, науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық жәрдем көрсететін медицина орталығы.

Аталмыш институт 10-12 жастағы жасөспірімдердің түрлі омыртқа ауруларын емдейтін бірегей орталық ретінде де белгілі болып отыр. Білікті дәрігерлері туа-бітті сколиоз ауруын ауыздықтауға мүмкіндік ашты. Бұл -Санкт-Петербург қаласындағы Г.Турнер атындағы балалар ортопедиясы ғылыми-зерттеу институты ма­мандарымен ынтымақтастығы нәтижесінде жүзеге асты. Алдағы уақытта бір жарым жастан бастап үш жас аралығындағы науқас балаларға ота жасалып, туабітті дертінен құтқаратын болады. Туабітті сколиоз деп жеке­леген омыртқа сүйектерінің дұрыс қалыптаспағанынан болатын омыртқа жотасының қисық өсуін атайды. Науқастың пайда болуының нақты себебі анықталмаса да, мұндай аурумен туғандар өмірлік мүгедек болып, 20 жастан артық өмір сүрмейтіні мәлім болып отыр. Өткен аптада осы орталыққа Г.Турнер атындағы балалар ортопедиясы ғылыми-зерттеу институтының профессоры Сергей Вис­сарионов келіп, астаналық әріптестерімен бірге үш жасар балаға күрделі ота жасады. Кез келген оташылардың баты­лы бара бермейтін операцияларды сәтті жасап, біліктілігі бағаланған профессормен кездесіп, сөйлескен едік. «Астаналық ортопед дәрігерлермен тәжірибе алмасудың нәтижесінде, медицина саласындағы жаңа технология­ларды қолдана отырып, осындай күрделі ота жасауды жолға қойып отырмыз. Құрылғанына он жылдан асқан институт үшін бұл үлкен жетістік. Салыстыра айтсақ, біздің Г.Турнер атындағы балалар ортопедиясы ғылыми-зерттеу институты бір ғасырдан астам уақыт бойына жұмыс істеп келеді. Алдағы уақытта жылдар бойына жинақтаған мол тәжірибемен бөлісіп, осы саланың мамандарын даярлауды мақсат етіп қойдық»-деді алтын қолды оташы.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button