ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Күтімі бар жердің көркі кетпейді

Байқоңыр ауданында орнатылған ескерткіштер мен сәулет мүсіндерін жуып, тазарту жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, «Жер Ана» ескерткіші тұғырының гранит плиталары мен Үш Арыс ескерткіші тұсындағы жабын плиталар ауыстырылды.  

[smartslider3 slider=554]

Еске сала кетсек, ­Жұмабек Тәшенов пен Алаш Орда қозғалысының көшбасшыларына арналған ескерткіш биыл ғана аудан аумағына орнатылған еді.
Жалпы, Байқоңыр ауданында 5 ескерткіш пен 17 сәулет мүсіндері бой көтерген. Мәселен, мәдени ескерткіштердің қатарында А.Бараев пен ­Ж.Тәшенов көшелері қиылысында орналасқан «Жер Ана» ескерткіші, Ататүрк саябағындағы Кемаль Ататүркке арналған ескерткіш, Жамбыл Жабаев саябағындағы абыз ақын Жамбылға арналған ескерткіш, Жазушылар аллеясындағы Үш Арысқа арналған монумент және ҰОС майданына аттанған жауынгерлердің ескерткіші бар.
Амангелді Иманов, Шоқан Уәлиханов пен Жұмабек
Тәшеновке арналған сәулет мүсіндері қайраткерлер атындағы көшелерге көрік беріп тұр. Сондай-ақ Ж.Тәшенов көшесіндегі «Астана» және Жазушылар аллеясындағы «Абайдың қара сөздері» инс­талляциялары да ауданның ажарын аша түскен.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button