Жаңалықтар

Күзгі марафон

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қала әкімдігінің Жастар саясаты басқармасы мен ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен «Жас сарбаз – тәуелсіздік тірегі» атты күзгі жеңіл атлетика марафоны өтті.

[smartslider3 slider=1072]

Марафонға Нұр-Сұлтан қаласындағы студенттер мен жасөспірімдер арасынан бес жүзге жуық жас тартылды. Қатысушы ұлдар бес шақырым, қыздар үш шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

Іс-шараны өткізудегі басты мақсат жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулып, олардың бойларында шымырлық пен күш-жігер қалыптастыру, отансүйгіштік рухты шыңдау болатын.

– Бүгінгі марафонға жігіттер мен қыздардың үлкен дайындықпен келгендері байқалады. Жарысқа белсене қатысып, үлкен нәтиже көрсете білді. Мұндай жеңіл атлетика жарысының жүйелі өткізіліп тұруы баршамыз үшін де мерей, – деді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Асхат Налшыбек.

Жарысқа қатысушылардың барлығы да алғыс хат, грамоталармен марапатталды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button