Ресмиет

Лайықты білім табысты мансап!

Қазақ Экономика,­ қаржы және халықаралық сауда университеті – Астана қаласындағы экономикалық мамандар­ дайындайтын­ алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны. 
Университет еңбек нарығында аса жоғары сұра­ныс­қа ие маман­дарды күндізгі, кешкі және сырттай оқу түрлері бойынша бака­лавриатта 15 маман­дық, магистратурада 8 мамандық бойынша және қашық­тықтан (электронды) оқыту бойынша сапалы кадрлар дайындайды.
Сонымен қатар, ҚазЭҚХСУ жанындағы Халықаралық Бизнес мектебі бизнес-білім (DBA, Executive MBA, MBA, кәсіби даму бағдарламалары) бойынша білім береді.
Университетте тиімді мамандар дайындауды қам­та­ма­сыз­ ететін инновациялық ғылыми-білім аясы құрылған. Кадрларды оқыту және оларды даярлап шығару мақ­са­тында профессор-оқытушылар құрамында 228 оқытушы, оның ішінде 48 ғылым докторы, 101 ғылым канди­даты, 6 Ph.D докторы, 40 магистр жұмыс істейтін 10 кафедра қамтамасыз етеді.
Университетте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің гранттары бар. Университет бітірушілеріне мемлекеттік үлгіде жоғары білім дипломы беріледі. ҚазЭҚХСУ дипломына қосымша шетел оқу орындарының (BBA, Bcom, MBA) дипломын алу және академиялық ұтқырлық қатысушысы мүмкіндігіне ие. Ең үздік университет бітірушілері магистратура мамандықтары бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын иемдену сайысына қатысу мүмкіндігіне ие бола алады.
Университет халықаралық ынтымақтастықтың бел­сен­ді дамуына ықпал ете отырып, 49 келісім-шарт, 15 қазақстандық және 40 шетелдік жоо-мен шарт жасасты. 2011 жылдан бері ҚазЭҚХСУ – Жоғары Білім мекемесінің Еуропалық Ассоциациясы мен European Retail Academy халықаралық білім жүйесі болып табылатын Халықаралық ұйымның мүшесі.
Университетті бітірушілердің еңбекке орналасуы мамандарды даярлау сапасының негізгі критерийі болып саналады. ҚазЭҚХСУ білім беру гранттары бойынша оқыған түлектерді еңбекке орналастыруды іске асыратын бірден-бір университет екенін айтуға әбден болады.
Құжаттарды қабылдау:
Бакалавриатқа –
20 маусымнан 25 тамызға дейін
Магистратураға –
20 маусымнан 30 шілдеге дейін
Қабылдау комиссиясы:
ҚазЭҚжХСУ (университет коды – 173)
010008, Астана қалсы, А.Жұбанов көшесі, 7
Тел. +7/7172/37-39-05, +7/7172/49-63-51
Факс: +7/7172/37-16-22
www.kuef.kz; e-mail: talapker@kuef.kz

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button