Мәдениет

Латын әліпбиімен жазылған күнделік

1938­-1945 жылдары Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы болған ақын Ғали Ормановтың латын қарпімен жазылған күнделігі табылды.

[smartslider3 slider=906]

Ақынның жиен-немересі Айдар Қырықбайұлының сөзінше, күнделік шамамен 1939 жылы жазылған. «Күнделік латын әліпбиімен жазылған. Сол күйі сақталып, жазуы өзгермеген. Бүгінде сол күнделік жазылған әліпбиді білетін адамдар аз екен. Сондықтан күнделікті жаңартып қойдық. Алдағы уақытта аударуға береміз. Күнделіктің мазмұны бойынша Жамбыл атамызға кімдер келген, қандай мәселелер талқыланған деген секілді мәлімет көрсетілген. Күнделік ешқайда жарық көрмеді. Сондықтан Жамбыл атамыздың шығармашылығын зерттеуге септігін тигізеді деп ойлаймын» деді ол. Күнделікті Ғали Ор мановтың жары  Айтбала Орманова сақтаған. Кейіннен қолдан қолға өтіп, күнделік осы күнге жеткен. Бүгінде күнделік атамыздың қызы Жамиға Ғалиқызына табысталды.  – Елордада ақынның атына арнап мектеп берілген. 2007 жылдан бері аталған мектептің алдына бюст орнату мәселесі көтеріліп келеді. Өкінішке қарай, бүгінгі күнге дейін шешімін таппады, – деп түйіндеді сөзін А.Қырықбайұлы.

Баян АСЫЛБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button