Ел тынысы

Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» картинасы Астанада

Ұлттық музейде Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» картинасы көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қазақстанда алғаш рет Леонардо да Винчидің құпияға толы бірегей жауһарларының бірі «Әдемі ханшайым» (La Bella Principessa) картинасы көпшілік назарына ұсынылды.

«La Bella Principessa» – бұл XV ғасырдың соңында Леонардо да Винчидің қолынан шыққан итальялық ақсүйектер әулетінен шыққан жас қыздың портреті. Картина кезінде жоғалып кетіп, қайтадан табылған. Бұл – құпияға толы бірегей туындылардың бірі.

Көрмеге арналған баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітованың айтуынша, аталған іс-шара Қазақстан мен Италияның мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастығын дамытуға жаңа серпін береді.

«Леонардо да Винчи – адамзат тарихындағы ең ұлы тұлғалардың бірі. Оның кескіндеме, ғылым, инженерия және анатомия сияқты көптеген саладағы жетістіктерін атап өтуге болады. Оның таланты мен әлемді өзгеше көру қабілеті бейнелеу өнерінің бірқатар керемет туындыларын жасауға, адам танымының әртүрлі салаларына айтарлықтай үлес қосқан ғылыми жаңалықтар жасауға мүмкіндік берді. Қазақстандықтар үшін аты аңызға айналған суретшінің жұмысын өз көзімен көруге ерекше мүмкіндік туып отыр», –деді Күміс Сейітова.

Айта кетейік, бұрын аталмыш картина бүкіл әлем бойынша небәрі бес рет көрсетілген. Әр көрме сайын сыншылар мен көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырған.

Көрме 7 маусым мен 4 тамыз аралығында ҚР Ұлттық музейінің мультимедиялық залында өтеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button