Sport

ЛЕВИТ РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРОҒА БАРАДЫ

Hv-IKLMcLy8

Астаналық боксшы Василий Левит 2016 жылы Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға жолдама ұтып алды.

WSB халықаралық турнирінде «Астана арландары» сапында ел намысын қорғап жүрген Василий Левит «Аргентина контодорс» боксшыларымен өткен айқаста жеңіске жетті. Шаршы алаң иесі Диего Бланкты техникалық нокаутпен жеңген жерлесімізге АИБА ұйғарымы бойынша 2016 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия берілді. Осыған дейінгі жекпе-жектерінде түгелдей жеңіп келген Василий 91 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын болады. Бұл салмақта Олимпиада ойындарында Қазақстан боксшылары бұрын қатыспаған еді.

Ал «Астана арландары»командасы  аргентиналықтарды 4:1 есебімен жеңіп, турнирдің финалына тағы бір табан жақындай түсті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button