Елорда тынысы

Лифт қауіпсіздігі тексерілді

Елордадағы сауда орталықтарының біріндегі лифтіге тексеру жүргізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ газ инспекциясы және көтергіш құрылымдарды бақылау бөлімінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлары бизнес орталық егесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында бизнес орталықтағы лифтілерге жыл сайынғы міндетті техникалық куәландыру жүргізілмегендігі анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік айыппұл салынды.
Бизнес орталық егесі және лифтке қызмет көрсететін ұйым директорымен заңнама талаптарын сақтау бойынша лифтілерді техникалық ұстауға және оларға қызмет көрсетуге қатысты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button