Қала тіршілігі

Лицензияны қайта ресімдейді

11 қазаннан келер жылдың 4 қаңтарына дейін барлық отандық туроператор қызмет түріне қарай лицензиясын қайта рәсімдеуі тиіс. Өтінімді қабылдау Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау ресурсы www.elicense.kz порталында жүзеге асырылады.

Лицензияны алу немесе қайта рәсімдеу мынадай алгоритм бойынша жүргізіледі:

  1. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басу, кейін жаңа терезеде «Электронды лицензиялау» порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіру немесе «Электронды лицензиялау» порталына тіркелу.
  3. Қызмет паспортында құжаттар пакетімен танысып, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басу. Онда қажетті қосалқы қыз­мет түрін таңдап, «Әрі қарай» түймесін басу.
  4. Бос жолақтарға қажетті мәліметтерді белгілеу, өтінімді толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қою қажет.
  5. Жіберілген өтінімнің статусын «Жеке кабинеттегі» «Менің өтінімдерім» бөлімінен бақылауға болады. Рұқсат алу туралы «Менің рұқсат берілген құжаттарым» бөлімінен, хабарлама алу туралы «Менің хабарламаларым» бөлімінен білуге болады.

Лицензиялау бойынша мемлекеттік қызмет түрін алу үшін кәсіпкердің жеке электронды цифрлық қолтаңбасы қажет. «Kazakh Tourism» ҰК АҚ төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасовтың айтуынша, Қазақстанда сырттан келушілер туризмі бо­йынша жыл сайынғы өсім орташа 10 пайыз деңгейінде байқалады. Соңғы 5-6 жылда ішкі туризм бойынша да оң динамика 10-15 пайыз деңгейінде.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button