Басты ақпарат

LRT: батыл және қызықты ұсыныстар

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Урбанистика орталығына LRT бойынша 400-ден астам ұсыныс келіп түсті. Осыған орай жобаны талқылауға қызығушылық танытқан мамандар пікір білдірді.

[smartslider3 slider=2811]

Қаңтар айында Мәжілісте сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Astana LRT жобасы қазірдің өзінде қазақстандықтарды алаңдатып қана қоймай, «ашуландырып» отырғанын мәлімдей келе, оны қаржылық шығындарға байланысты бұзуға болмайтынын ескерткен болатын. Жобаны аяқтау үшін Мемлекет басшысы шетелдік сәулетшілерді шақыруды ұсынды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев болса Нұр-Сұлтан қаласында LRT құрылысы жобасын іске асырумен елорда әкімдігі толық айналысатынын айтты. Ал елорда әкімі Алтай Көлгінов ЖРК құрылысын аяқтау үшін 1 млрд доллар қажет болатынын, сондай-ақ банктердің бірі құрылысты қаржыландыруға келісім бергенін мәлімдеді.

Осы жылдың қаңтар айында елордалық Урбанистика орталығы инфрақұрылымдық жобаны пайдаланудың ықтимал нұсқалары туралы ұсыныстарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаған болатын. Енді, міне, бүгінгі күнге дейін келіп түскен идеялар туралы орталық басшысы Елнар Базыкен өз ойымен бөлісіп отыр.

– Бүгінгі таңда бізге 400-ден астам өтініш келіп түсті. Ұсыныстар әртүрлі: өте батыл және қызықты. Олардың арасында жасырын веложол жасау, тіректердің үстіне саябақ салу идеялары бар, енді біреуі бәрін ұзақ сауда үйі түрінде жабдықтауды ұсынды. Көбі Нью-Йорктегі жоғары деңгейлі саябақты мысалға келтірді» деді Е.Базыкен.

 Бүгінгі таңда бізге 400-ден астам өтініш келіп түсті. Ұсыныстар әртүрлі: өте батыл және қызықты. Олардың арасында жасырын веложол жасау, тіректердің үстіне саябақ салу идеялары бар, енді біреуі бәрін ұзақ сауда үйі түрінде жабдықтау­ды ұсынды

Оның пікірінше, тұрғындар мен көлік құралдарының жыл сайынғы өсуінен туындаған көше кептелістерін болдырмау үшін проблемалық нысанның эстакадаларын қоғамдық көлікке қолданған дұрыс.

«Бүгінде елордада 393 мыңға жуық көлік құралы тіркелген. 5-10 жылдан кейін бұл көрсеткіш әлдеқайда өседі. Біздің жолдарымыз қазіргі өткізу жүйесін әрең игеріп жатқанын көріп отырмыз. Жыл өткен сайын қала ішінде көлікпен қозғалу қиындай түседі. Себебі әр жыл сайын жолдарда шамамен 30 000-40 000 жаңа көлік қосылуда. Осының нәтижесінде жолдардағы жүктеме артып келеді. Әлемнің барлық ірі қалаларында тұрғындарға ыңғайлы болу үшін бұл мәселе метро, трамвайлар, веложолдар, автобустар, таксилер және т.б. арқылы шешілуде. Өкінішке қарай, астаналықтар діттеген жеріне автобустар, велосипедтер мен таксилер арқылы жылдам жете алмайды. Сондықтан қалаға осындай жобалар қажет, – деді орталық басшысы.

Сонымен қатар, урбанист желілік-рельстік көлікті бүкіл қалада дамыту қажет деп санайды.

Мамандар бұл жобаны ұзақ мерзімді перспективада қарастырады және бұл LRT құрылысы шамамен 2030-2040 жылдары аяқталатынын айтып отыр.

– Біз қалаларды жоспарлау­мен айналысатын британдық компанияға, Ресейдің қолданбалы урбанистика орталығына хабарластық, сондай-ақ Италиядан келген тасымалдаушылармен кеңесіп, осы мәселені талқылау үшін жергілікті урбанистермен кездестік. Сарапшылар ЖРК және жалпы қаланың болашақ жобасының жоспарымен таныс­ты. Шетелдік әріптестер талдау жасап, жоба қалаға қоғамдық көлік тұрғысынан қажет деген қорытынды жасады, – деді Елнар Базыкен.

Мамандар бұл жобаны ұзақ мерзімді перспективада қарас­тырады және бұл LRT құрылысы шамамен 2030-2040-шы жылдары аяқталатынын айтып отыр.

– Бұл жоба қазір белгіленген бағыт бойынша ЖРК салуды ғана көздеп  отырған жоқ. Біз урбанис­тер ретінде оны қаланың бүкіл көлік жүйесі ретінде қарастырамыз, оны периметр бойынша жүйелі түрде масштабтау қажет. Қалада тұрған бағандар – бүкіл жүйенің бірінші желісі ғана. Ал біз ЛРТ-ны ғана емес, трамвайларды, автобустарды және т.б. басқа бағыттар бойынша дамытуды жоспарлап отырмыз. Елорданың сол жағалауынан, мысалы, трамвайда немесе ЛРТ-да кептеліссіз, 15 минут ішінде, әсіресе қарбалас уақытта оң жағалауға жылдамырақ жету әлдеқайда ыңғайлы болады. Бұдан басқа, ЛРТ учаскелерін де жайластыру, онда тұрғындар үшін қолайлы орта құру, сауда нүктелері, қарау алаңдары және т.б. бар қоғамдық кеңістіктер жасау қажет болады, – деді урбанист.

Жеңіл рельсті көліктің өзгеруін талқылауға қызығушылық танытқан мамандар алдағы уақытта да өз идеяларымен бөлісетін болады. Жобаны пайдаланудың барлық ұсыныстары мен ықтимал нұсқаларын урбанистика орталығының ресми поштасына: Centerofurbanism@gmail.com. жіберуге болады.

– Қазір біз келіп түскен барлық ұсыныстарды қарас­тырып, талқылап жатырмыз. Біз мамандардан идеялық және сапалы зерттеулер ғана емес, өзіміз назардан тыс қалдырған талдаулар да күтеміз. Жобаға зор жауапкершілікпен қарау қажет, өйткені ол жеңіл жоба емес. Сондықтан біз кез келген жобаны бағалаймыз. Қабылданған барлық шешімдер туралы міндетті түрде жұртшылыққа хабарлайтын боламыз, – деп қорытындылады Елнар Базыкен.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button