LRT құрылысы қашан бітеді?
Астанадағы LRT құрылысының құны өзгерген жоқ, сол себеп қашан бітері белгісіз, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Құрылысты Қытай компаниясы жетекшілік ететін концорциум салып жатыр
Қазір жоба республикалық бюджетпен қаржыландырылып жатыр. Жобаның жалпы құны бастапқы бекітілген келісімшарттағы 1,888 млрд доллардан өзгермеген. Айта кетейік, LRT іске қосылған соң тәулігіне 25 мың жолаушыны тасымалдайды деген болжам бар.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Astana LRT ЖШС бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық іс тергеп жатқанын жазған едік.Тергеу нәтижесінде ауыр қылмыс жасауда жиналған дәлелдер күдікті Т. Ардан әрекеттерін Қылмыстық Кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша саралауға мүмкіндік беріп, ол күдікті ретінде жауап алуға шақырылды.
Одан бөлек, LRT жобасын қаржыландыруға қаржы бөлген ҚХР Мемлекеттік даму банкінің топ-менеджерлері сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін тергеуге алынғаны айтылды. Қытай прокурорлары Мемлекеттік даму банкінің бұрынғы вице-президенттері Ли Цзипин, Ван Юншэн және Чжоу Цинюге сыбайлас жемқорлық жасады деген айып тағып отыр.
Сурет: Halyq Uni